«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында биыл колледждерде «Колледж.Снэйшн.kz» ақпараттық жүйесі іске қосылды. Техникалық және кәсіптік білім беру бағытында биылғы оқу жылында жергілікті бюджеттің есебінен 7 сала бойынша 2 729 орынға мемлекеттік тапсырыс берілді. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 371 орынға артық.
tories/01012020-25.jpg» border=»0″ />
«Химфарм» зауытының негізінде құрылған цифрлық инженерлік білім беру орталығы ашылды. Оған жеке инвестор есебінен 100 млн.теңге қаржы бағытталды. Бұл жерде IT-технологиялар автоматтандырылған метрология және технологиялық процесстерді басқару саласындағы колледждер мен жоғарғы оқу орындарының студенттері тәжірибе алады.
Педагогтарды жұмысқа қабылдау кезінде ашық және әділ конкурс өтуін қамтамасыз ету үшін «техантер.kz». ақпараттық жүйесі арқылы конкурстық негізде 2049 маман жұмысқа қабылданды.
Айта кетсек, Шымкент қаласы өткен оқу жылында бірқатар жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша қаланың орта балы 85,3-ті құрап, орташа республикалық көрсеткіштен 6,7 балға жоғары болды. 401 оқушы «Алтын белгі», 360 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанды. Республикалық және Халықаралық ғылыми байқауларда 34 оқушы жеңімпаз атанды.
Leave a Reply