Қазіргі таңда «Жастар кітап оқымайды» деген қасаң пікірді аға буыннан жиі естиміз. Жастар оқитын, қазіргі қоғамға түсінікті, тұшымды дүние болса, қанеки! Заманауи тақырыпқа сай кітаптар қатары сирек қазір.
tories/10122019-30.jpg» border=»0″ />
Осындай олқылықтарды көргенде, ата-аналарымыздың естеліктері еске түседі. С.Мұқановтың – «Ботагөз», «Өмір мектебі» , Ә.Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар», «Ақиқат пен аңыз» сынды бірегей туындыларын кеңестік кеңістікте өмір сүрген жастар жастана оқыған. Бірігіп, бас қоса қалса, соңғы оқыған кітаптары жайлы ойларын ортаға салып, талқылайды екен. Замандастарды ортақ мүддеге, ортақ көзқарасқа тоғыстырған сол кездегі қазақ жазушыларының тапқырлығына тәнті боласың! Бүгінгі жастар «Instagram», «Faceebook», «Twitter», «Вконтакте» сынды әлеуметтік желілерінде қандай жаңалықтар бар, қай жұлдыздың парақшасында не болып жатқанын бастары біріксе талқылайды, одан қалса тілдесудің орнына ұялы телефонына көміліп отырады. Бұл көңіліңе кірбің ұялататыны сөзсіз…
Бірақ, біздің Индустриалды-құрылыс колледж студентерінің кітап оқуға деген қызығушылығын артыру мақсатында кітапхана қоры әдеби кітаптармен, пән оқулықтарымен толықтырылуда. Соның бір айғағы, биылғы 2019-2020 оқу жылына кәсіптік мамандық иелеріне тапшы «Арнайы пән» оқулықтарымен кітапхана қоры 2000-ға жуық кітаппен толықты. Студент жастардың кітап оқуға деген ынтасын арттырумен қоса ізденісін қамтамассыз етілуде. Кітапхана қоры үнемі колледж басшысы А.Елшиеваның басты назарында.
Leave a Reply