Кезекті “Food Festival” фестивалінің мақсаты ерек

Шымкент қаласының әлеуметтік дамуы әр тұрғынның қоғамдық істерге белсене араласуынан басталады. Осы орайда Арбатта ай сайын үй ханымдарының өз өнерлерін ортаған салатын “Food Festival” өтіп тұрады. Бұл фестивальдің басты мақсаты – көпбалалы аналардың қосымша табыс табуына көмектесу, қала тұрғындарын қоғамдық іс-шараларға тарту, сондай-ақ жан-жақты дамыту.

tories/13122019-1.jpg» border=»0″ />

Ұйымдастырушылар бұл жобаны Шымкент қаласының брендіне айналдыруды көздеп отыр. Мұндай іс-шаралар басқа да елдерде танымал коммерциялық ұйымдар мен бас аспаздардың қатысуымен өтеді. Мысалы, Швейцария қаласының Монтро қаласында өтетін тағам фестивалі бүкіл әлемге танымал. Жылына бір рет ұйымдастырылатын ол фестивальге әлемнің түкпір-түкпірінен туристер ағылады. Осымен бірнеше рет ұйымдастырылып отырған фестивальде көп балалы аналар өздерінің пісірген тәттілерін, не болмаса қол өнерлерін сатады. Егер үйден шыға алмаймын дегендер болса, еріктілер арқылы ұсына алады. Біздің қаламызда 3 мыңға жуық жағдайы төмен көпбалалы аналар тұрады. Олар мемлекеттік жәрдемақылармен қоса, басқа да көмектер алуда. Бірақ, ол аналарға «балық» емес, «қармақ» берсек, пайдасы көбірек тиер еді.

Бұл фестиваль – тек тағамдар фестивалі емес, кішкентай балаларға арналған ойын алаңқайы, фото зоналар да қарастырылған. Өз отбасыңызбен көңілді уақыт өткізуге керемет мүмкіндік.

А.Махашова

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика