«Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы жүреді

Шымкент қалалық Полиция департаментінің қызметкерлері қоғамдық орындарда және көшелерде қылмысқа қарсы күресті күшейту, құқық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын-алу және жолын кесу мақсатында ағымдағы жылдың 9-31 желтоқсан аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізуде.

tories/13122019-9.jpg» border=»0″ />

Жедел-іздестіру іс-шара барысында ізін суытпай 115 қылмыс ашылды, яғни 85,8%, оның ішінде бұрын жасалған 5 қылмыс, тыйым салынған заттарды ұстап жүру бойынша 7 жайт;

1296 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 202 ұсақ бұзақылық, 413 — спирттік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орында мас күйде болу, 6 — қарсы бағытқа шығу, 531- көші-қон заңнамасын бұзу;

268 жалға берілетін пәтер тексерілді, оның ішінде салық органдарында тіркеусіз тұрғын үйді жалға берудің 268 жайты анықталған.

Қабылдап-тарату орындарына 10 адам, ал уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталығына 72 азамат жеткізілді.

Шымкент қ. ПД-нің Баспасөз қызметі

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика