«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалында Саяси кеңесі Бюросының мәжілісі өтті

Мәжілісті қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов ашып, жүргізді. Бюро мәжілісі отырысында Әл-Фараби және Еңбекші аудан әкімдері мен 4 басқарма басшыларының 2019 жылдың 11 айында мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы мен өз бағыттары бойынша атқарған жұмыстары бойынша есебі тыңдалды.

tories/13122019-12.jpg» border=»0″ />

Әл-Фараби және Еңбекші аудандары бойынша атқарылған жұмыстарға қалалық партия филиалы партиялық бақылау комиссиясы зерделеу жұмыстарын жүргізген болатын. Жұмыс қорытындысы бойынша кемшіліктер анықталды. Күн тәртібінде мәселелер қаралып, талқыланды.

Мәжілісте Бахадыр Мәдәліұлы «Еліміз даму жолында әрбір кезеңде, әрбір уақытта – «Nur Otan» партиясына зор жауапкершілік жүктеліп келеді. Партия басшысы, Елбасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халықтың жағдайын жақсарту бойынша бұл жолы да нақты істерді атқару үшін міндеттерді қойып отыр. Біздің басты міндетіміз – елдің мүддесіне жұмыс істейтін 21 ғасырдың заманауи, тиімді, инновациялы, жоғары технологиялы партиясы ретінде жұмыс жүргізу. Сондықтан нақты жұмыстарға басымдық беруіміз керек» деп, қорытындылады.

Ал, есеп берген аудан әкімдері мен салалық басқарма басшыларының хабарламасын және бюро мүшелерінің сын ескертпелерін назарға ала отырып, жұмыс барысында жіберілген кемшіліктерді жою бойынша нақтылы жоспар құрып, кемшіліктер бойынша кешенді жұмыс жүргізу тапсырылды.

Сонымен қатар, Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұловқа, Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ильясовқа барлық кемшіліктерді жойып, 2020 жылдың бірінші тоқсанынан кейін қайтадан есеп беру тапсырылды. Шымкент қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Жандос Қалтаевқа, Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Абай Тұрхановқа «ескерту» түрінде партиялық шара көрсетілуін тапсырды. Ал, Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ғалымжан Балтаевқа «сөгіс» берілді.

Тапсырмалардың орындалуы барысын партия өз бақылауына алып, қадағалайтын болады.

Райхан Шаймерденова

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика