Осы уақытқа дейін жедел жәрдем қызметінің автопаркінде 87 көлік қызмет көрсететін. Олардың жұмыс істеп келе жатқанына он жылдан асып кеткен. Әр күн сайын жөндеуден қайта өтуді талап ететін бұл көліктер жедел жәрдем қызметкерлерінің науқастарға дер уақытында жетуін де баяулататын.
tories/13122019-23.jpg» border=»0″ />
Тұрғындардың шағымын ескере отырып, жедел жәрдем қызметін автокөлікпен қамту мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында «Мейдей Қазақстан» түрік компаниясы Шымкент жедел медициналық жәрдем станциясын жаңғырту жобасын іске асырды. Қазақстанда бір мезетте мұндай көлемде жедел жәрдем қызметін көлікпен толықтыру бірінші рет іске асып отыр. Жалпы инвестиция көлемі 6,3 миллиард теңгені құрайды. Жұмыс тек мұнымен тоқтап қалмай, Түркия инвесторлары қаламыздың индустриалды аймағында жедел жәрдем қызметін құрал-жабдықтармен қамту бойынша бірлескен кәсіпорын ашуды жоспарлап отыр. Бұл да игі бастама. Себебі, жедел жәрдем көлігінде керекті дәрі-дәрмектің жетпей қалуы бойынша да шағымдар келіп түскен.
Жедел жәрдем автокөлігі инновациялық технологиялармен, заманауи қондырғылармен жабдықталған. Атап айтқанда, сыртқы кардиостимулятор мүмкіндігі бар дефибриллятор, өкпені жасанды желдендіру, реанимациялық портативті рюкзягтар, педиатриялық бригадаларға жаңа туған нәрестелерді тасымалдауға арналған 4 инкубаторлармен жабдықталған. Себебі, ағымдағы жылдың өзінде үйде, не болмаса көлік ішінде босану фактілері орын алған. Осыған қоса, жедел жәрдем қызметінің колл-орталығы түрік жедел жәрдем қызметінің түрі негізінде әлемдік стандарттар бойынша жаңғыртылмақ. Тәуелсіздік қарсаңында табысталып жатқан көлік кілттеріне медицина қызметкерлері мен тұрғындар өз ризашылықтарын білдірді.
А.Махашова
Leave a Reply