Шымкенттегі зообақты 400 мыңнан аса адам тамашалаған

Шымкенттегі зообақты 400 мыңнан аса адам тамашалаған. Бұл туралы баспасөз мәслихатында қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғалия Шарафиева мәлімдеді. Оның сөзінше, шаһардағы зоологиялық саябағына келушілер қатары жыл санап артып келеді.

tories/01012020-17.jpg» border=»0″ />

«Қазір Шымкент зоологиялық саябағында 265 түрлі 2516 жануар бар. Зообақ аумағында террариум, көгершіндер вольері, варандар мен тасбақалар, сурикаттар, құстар, жыртқыш құстар, жапон макакалары, гепард вольерінің құрылысы жүріп жатыр», — деді Ғалия Шарафиева.

Басқармасы басшысының міндетін атқарушы сондай-ақ, туризм саласы жайында сөз қозғады. Оның айтуынша, Шымкент қаласының 2200 жылдық мерейтойы UNESCO көлемінде тойланғалы жатыр. «2020 жылы Шымкент қаласы ТМД елдерінің мәдени астанасы болып белгіленді. Жыл көлемінде атқарылатын ауқымды 15 халықаралық, республикалық дәрежедегі іс-шаралардың бағдарламасы дайындалды. UNESCO-ның атаулы мерейтойлар күнтізбесіне «2020 жылы Шымкент қаласының 2200 — жылдық мерейтойын енгізу туралы» ұсыныс жолданды. Шымкент мәдени астана жылы ТМД елдері мен UNESCO көлемінде аталып өтілетін болады. Жуырда Беларус Республикасының Брест қаласында өткен «Мәдени астана» жылының салтанатты жабылу рәсімінде Шымкент қаласы Эстафетаны ресми түрде қабылдап алды», — деді Ғ. Шарафиева.

Дереккөз: www.inform.kz

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика