Әл-Фараби мен Абайға еңселі ескерткіш қойылады

Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби мен қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлына қойылуы жоспарланған ескерткіш-кешендерінің жобаларына қойылатын талаптар айқындалып ағымдағы жылдың қараша айында байқау жарияланған болатын.

tories/17122019-9.jpg» border=»0″ />

Бүгін аталмыш байқаудың 1 кезеңі өз мәресіне жетті. Ашық конкурс негізінде Әбу Насыр әл-Фараби ескерткішіне 12 жоба бойынша 7 үміткер және Абай Құнанбайұлының ескерткішіне 14 жоба бойынша 7 үміткер қатысты. Үздіктерді анықтау үшін арнайы комиссия да құрылды.

Байқаудың 1 кезеңі қорытындылап, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды» анықтау отырысына Шымкент қаласының әкімі Е.Айтаханов арнайы қатысты. Қорытындысында, Әл-Фараби ескерткішінің эскиздік жобасы бойынша 1-ші орынды Ерғали Мұстафаев, 2-ші орынды Бәймен Батухан, 3-ші орынды Өмірзақ Шанов иеленсе, Абай ескерткішінің эскиздік жобасы бойынша 1-ші орынды Әбдікәрім Ахметов, 2-ші орынды Құттыбек Жақып, 3-ші орынды Ерғали Мұстафаев алды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика