Бадам өзеніндегі көпір құрылысы басты назарда

Бадам өзеніндегі көпірді қайта құру жұмыстары қарқынды жүруде. 2019 жылдың қараша айында Шымкент қаласы аумағындағы Қорғас — Алматы — Шымкент — Өзбекстан Республикасының шекарасы А-2 автомобиль жолындағы Бадам өзенінен өтетін көпірдің бір бөлігі пайдалануға берілген болатын. Көпірдің жалпы ұзындығы 144 метр болса, жүріс бөлігінің ені – 11,5 метр және жалпы ені 28,2 метрді құрайды.

Көпір 2 бөліктен тұрады, 1 бөлігінің құрылысы аяқталып, қазіргі таңда ел игілігіне берілген. Көпірдің екінші бөлігінде 2 жағалауындағы және 2 аралық қадалар құйылды. Биылғы 15 мамырға дейін 3 аралық қадалар аяқталады.

Жоспар бойынша көпір құрылысы толығымен 2020 жылдың желтоқсан айында аяқталады деп жоспарланған.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика