Жол жөндеу жұмыстары басталып кетті

Бұл жөнінде Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының фейсбук әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында мәліметтер жариялана бастады.

Басқарма парақшасындағы деректер бойынша, «Нұртас» шағынауданындағы Майтөбе көшесі, «Қайнарбұлақ» тұрғын алабындағы нөмірі 3-ші көшеде орта жөндеу жұмыстары қарқынды жүре бастаған. Бұл нысандардың құрылысы былтыр басталса, биылғы мамыр айының соңына пайдалануға берілмек.

Сондай-ақ, басқарма парақшасы Шымкент қаласының көлік инфроқұрылымын дамыту мақсатында «А-2 «Қорғас-Алматы-Шымкент-Өзбекстан Республикасы шекарасы 674-705+621 (Шымкент қаласын айналып өту) автомобиль жолын қайта құру жұмыстары жүргізілуіне байланысты, 2020 жылдың 29 сәуірінен 1 қыркүйек аралығында Төлеметов көшесінен Темірлан тасжолына дейінгі аралықта уақытша көлік қозғалысына шектеу қойылатыны хабарланып,уақытша келтірген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика