Шымкент қаласында төтенше жағдай кезеңінде халықтың коммуналдық қызметтерінің шығындарын өтеп беру қызметі бойынша арнайы communal-komek.kz сайты ашылған. Ағымдағы жылдың 21 сәуірінен бастап ақпараттық жүйесі арқылы 31 975 өтініш келіп түскен.
Аталған қызмет аясында мамыр-маусым айында жоспарланған 527 млн теңге толығымен игеріліп, 17 566 азаматтың дербес есеп шотына ақша аударылған. Өтінімдер 25 маусымға дейін қабылданады. Қалған азаматтардың коммуналдық шығындары шілде айында өтелетін болады.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Leave a Reply