Туристік полиция іске кірісті

Шымкентте алғаш рет туристік полиция қызметін бастады. Қазіргі таңда жаңа бөлімшеде 25 қызметкер жұмыс істеп жатыр. Жас мамандар үш тілде еркін сөйлейді.

Туристік полицияның еліміздің туристік орталықтарының біріне айналып келе жатқан Шымкент қаласының жаңа келбетін қалыптастыруда алатын орны ерек. Жыл сайын еліміздің түкпір-түкіпір мен алыс-жақын шетелден келетін қонақтар қауіпсіздігін қорғап қана қоймай, оларға сапалы қызмет көрсетіп, жөн сілтеуді міндетіне алған жаңа бөлімшенің алда атқарар шаруасы көп екені сөзсіз. Полицияның бұл түрі биылғы «ТМД елдерінің мәдени астанасы» мәртебесін алып отырған үшінші мегаполистің тыныс-тіршілігіне етене қызмет етуге кірісіп кетті.

Фото С.Қосаевтікі

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика