Биыл Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданына қарасты «Бадам» шағын ауданын (195 орам) сапалы электр жарығымен қамтамасыз етуге бюджеттен 253 млн. теңге қаралды. Бұл қаржыға «Омега Строй» ЖШС-і тарапынан 10/0,4 кВ электр желілерінің құрылыс-монтаж жұмыстары атқарылды.
Бүгінде нысан құрылысы толығымен аяқталып, тұрғындардың игілігіне берілді.Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновке 9 айда атқарылған жұмыстар туралы есеп берген Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов мәлімдеді.Аудан әкімінің айтуынша, «Бадам» шағын ауданын ауыз сумен қамтамасыз етуге бюджеттен 301 миллионнан астам қаржы бөлінген. Құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «Сарыағаш Аман» ЖШС-і мамыр айында бастады. Нысан құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
Сондай-ақ, 195 орамды табиғи газбен қамтуға 286,4 млн.теңге бөлу жоспарланған. Ағымдағы жылы бюджеттен 50 млн. теңге бөлінді. Құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «Комби Строй 1» ЖШС-і атқаруда.Сондай-ақ, «Сәуле» шағын ауданын инженерлік-инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Осы мақсатта «МПК-ПРОЕКТ» ЖШС-імен келісім-шарт түзілген.
Айта кетейік, Әл-Фараби қаланың орталық ауданы болғандықтан ауыз су, табиғи газ және электр қуатымен қамту көрсеткіші 99,7 процентті құрап отыр.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Leave a Reply