«БОЗАРЫҚ» ҚОСАЛҚЫ СТАНЦИЯСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАТЫН КҮН ЖАҚЫН

Бұл туралы «НұрОтан» партиясының Қаратау аудандық филиалының фейсбук парақшасында жарияланды. Мәліметте Шымкент қалалық және Қаратау аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының жауапты мамандарымен бірге «Бозарық» қосалқы стансасы 220 кВ желісінің құрылысымен танысқаны айтылады.

Аталған стансаның жобасының жалпы құны 7,9 млрд. теңгені құрайды. Станса толық іске қосылған уақытта Тұран, «Шымсити», Бозарық, Бозарық-1, 2, 3, Асар-2, Достық, Нұрсат, Астана 1, 2, Қайнарбұлақ, батыста Ынтымақ-2, «Солтүстік» саяжай елді мекеніндегі 250 мыңға жуық қала тұрғыны электр жарығымен қамтамасыз етіледі. Аталған стансаны жыл соңына дейін қолданысқа беру жоспарланған.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика