Бүгін А. Асқаров атындағы дендрологиялық саябақта «Шымкент 2020 — Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мәдени астанасы» жылының салтанатты жабылу рәсіміне орай «Шымкентке 2200 жыл» атты уақыт керуені іс-шарасы бастау алды. Салтанатты іс-шараға қатысқан Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан игі бастамаға сәттілік тіледі.
Бұл тойдың жөні бөлек. Жиынға келген барлық қатысушылар арман-тілектерін қағазға жазып, оны керуен қоржынына салды. Уақыт керуені қала көшелерін аралап, халықтың ыстық ықыласы толтырылған қоржынымен 22 қараша күні сағат 18.00-де ескі қалашық «Цитадель» қақпасына келіп тоқтайды. Сонымен қатар, керуен қоржыны қаламыздың тарихын айшықтайтын 2200 кітап, Шымкент қаласының символына айналған қызғалдақ тұқымы және халықтың тілегіне толтырылып Душанбе қаласына аттанады.
Бүгінгі іс-шара соңы Birgemiz: Taza Alem жалпыұлттық жобасы аясындағы EcoSana сенбілік акциясына жалғасты. Қатысушылар дендрологиялық саябақ ішіне тал егіп, акцияға қолдау көрсетті.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Leave a Reply