Бұл туралы Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлады. Шымкентте қоғамдық көліктерде «Төлем» электрондық билеттендіру жүйесі 2020 жылғы 15 қазаннан бастап іске қосылғаны белгілі. 9 қарашадан бастап қолма-қол төлем – 100 теңге, электронды төлем – 70 теңге болып бекітілген.
Басқарма басшысының орынбасары Мұхтар Қоқанбаевтың мәлімдеуінше, автобустарда «Төлем» картасымен жүргендердің қатары күн сайын артып келеді. Бұл ретте бүгінге дейін 100 мың карта сатылды. 410 мыңға жуық транзакция жүргізілсе, оның ішінде 217 мыңнан астамы карта бойынша жүзеге асқан.
– Карта құны – 500 теңге. Сол картамен бір рет жол жүру ақысы тегін. Техникалық ақау болған жағдайда картаңыз болса, 70 теңге төлейсіз. Бұл барлық автобус жүргізушілеріне ескертілген. Егер, бұл талапқа бағынбаған жағдайда сол автобустың бағыты мен нөмірін жазып алып, басқармаға хабарлап айтуыңызға болады, – дейді басқарма басшысының орынбасары.
Жүйе іске қосылғаннан бастап алғашқы онкүндіктен екінші онкүндікте транзакциялардың саны 8 есеге артып отыр. Бұл ретте сараланған тариф енген күннен бері картамен жүргізілген транзакциялардың үлесі 50 пайыздан асқан. Яғни, карта пайдаланушылардың өсуі байқалады. Осы орайда, басқарма мамандары әлеуметтік желіде де ұдайы мониторинг жүргізіп, сауалдарға жауап беріп отыр.
Айта кетейік, «Төлем» картасына «Каспи голд» қосымшасы немесе Qiwi терминал арқылы баланс салып толықтыруға болады.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы
Leave a Reply