752 ГА ОРМАН ҚОРЫ ҚАЛА МЕНШІГІНЕ ӨТЕДІ

ANTIKOR.LIVE жобасы аясындағы тікелей эфирде «Жасыл белдеу» КММ директоры Пірімқұлов Керімжан Жанқұл сұқбат берген болатын. Осы сұқбаттан Шымкент қаласының көркейту, көгалдандыру және орман белдеумімен көмкеру шаралары жайындағы мәліметтерді оқырман назарына ұсынып отырмыз.

Мекеменің негізгі мақсаты – қала аумағында орналасқан орман қорын қорғау, орман өсіру және жасыл аймақтарға ағаш егу, күтіп-баптау, молайту жұмыстарын жүргізу болып табылады. Сонымен қатар, қала мен халықтың көшет өсіру сұраныстарын қамтамасыз ету үшін, орман тұқым бағын ұйымдастыру жұмысымыздың негізгі бағыты мен мақсаты осы. Жалпы,  мекемеге қарасты 976 га жер учаскесінде 266 мың түп ағаш көшеттері өсіп тұр.

Бүгінгі таңда оларды күтіп-баптау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Негізінде, Түркістан облысының меншігінде қалған 4331 гектар жер, оның ішінде 3578 га жасыл аймақтағы 752 га мемлекеттік орман қоры  боп табылады. Жер учаскелерін қала аумағына өткізу үшін бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. Бүгінгі күнде 752 га орман қоры жерін қала меншігіне ауыстыру бойынша Қазақстан Республикасы үкіметінің премер министрлік кеңсесінде келісіліп, қорытындысын күтіп отырмыз.

Ж.Пірімқұлов

«Жасыл белдеу» КММ директоры

Тікелей эфирдегі сұқбатты жазып алған Ақбөпе ЕРГЕШ

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика