«ДОСТЫҚ» БИЫЛ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН АУЫЗ СУМЕН, 2021 ЖЫЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ

Шымкент қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Жолшыбек Шайхсламов Қаратау ауданына қарасты «Достық» тұрғын алабының тұрғындарымен кездесті. Бұл туралы аталған басқарманың фейсбук парақшасы хабарлаған.

Аталған шағын ауданның тұрғындары сапалы ауыз су мен электр қуатына байланысты өз наразылықтарын жеткізді. Алайда, бүгінгі таңда, «Достық» тұрғын алабын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында мердігер мекеме «Көкше Строй Плюс» тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстары 2020 жылдың мамыр айында басталса, жыл соңына дейін аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, басқарма тарапынан «Достық» тұрғын алабын сапалы электр қуатымен қамту мақсатында 2019 жылы жобалу сметалық құжаттамасы әзірленіп, 2019 жылдың қазан айында сараптаманың оң қорытындысы алынған. Жобаға сәйкес 677 тұрғын үй сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілетін болады.

Қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқарма басшысы Жолшыбек Шайхсламов нысанның құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлуге ұсыныс беріліп, жұмыстар 2021 жылы басталатындығын тұрғындарға жеткізді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика