ЖАСТАР АТЫНАН Д.ҚОНАЕВ ҮШІН ДЕ АҒАШ ОТЫРҒЫЗДЫМ

«Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген аталы сөзді көңілге түйіп, өткен аптаның сенбісінде аға буын мен жас буынның басын қосқан болатынбыз. Мақсат пен мүдде бір. Жасыл ел, жасыл қала.

Біз жастар үлкендерге қарап бой түзейміз. Ағаш көшеттерін отырғызу кезінде де үлкен буын мен кіші буынның ағашын қатар еккіздік. Бастысы, бой түзесін, сол кісілердей өссін, көгерсін деген ниет.

Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаев атам үшін де жастар атынан ағаш отырғызсам деп ниет еткен едім. Орындалды. QR-код арқылы Қонаев атамыз туралы анықтама беретін смартты ағаштың тақтайшасын орнатуды бастаймыз.

Шымкенттік жастар Дендрологиялық саябаққа келгенде ағашқа өз үлесін қосып, су құйып кетеді деп үміттенемін.

Нұрайым ШАХИМЕРГЕН

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика