«МӘДЕНИ АСТАНА»: ТОЙДАН КЕЙІНГІ ОЙ

Қалайсыздар?!

Тойды өткізіп болып, сіле қатып, бір жыл бойы шапқылап, шаршағандарыңыз шығып жатыр ма?

Тойдан кейін талқылау деген болады ғой. Мәдени астана жылының салтанатты жабылуы жақсы өтті, иә? «Көне Шымкент» қалашығында 2200 жылдық тарихы бар көне шаһарымыздың тарихи, мәдени, заманауи құндылықтарын көрсете білдік. Анау Абай саябағындағы поэзия алаңы, ондағы қуыршақ-перфоманстар қандай, шіркін! Арбаттағы «Қызыл трактордың» өзі не тұрады…

Нағыз той сол Арбатта болған сияқты)))

Ал, Этнопарктегі ұлттық қолөнер бұйымдарының көрмесі тұнып тұрған ұлттық калористика.

Ең есте қаларлығы — «Уақыт керуені» болды, иә?! Ана түйелерге рахмет, күннің суығына қарамай, тік жүріп қызмет қылды.

Бәрін айт та, бірін айт, шүкір, бәрін аман-есен өткізіп, келесі думанның кезегін Душанбеге тапсырдық. Шымкент қаласы Мәдениет басқармасына алғыс!

Тек бір ғана «әттеген-ай!» дейтін тұсын да айтпай кетуге болмас! Бағдарламаның 80 пайызы орыс тілінде өтті. Әкіміміз өз құттықтау сөзін ана тілімізде жеткізді. Шүкір дедік.

Сол. Құдай тойдан айырмағай!

Мөлдір КЕНЖЕБАЙ

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика