2024-09-20

СӘУЛЕТТІК ОРТА ДИЗАЙНЫ, СЫРТҚЫ ЖАРНАМА ОРНАЛАСТЫРУҒА РҰҚСАТ БЕРУ ЖӘНЕ МЕКЕН-ЖАЙДЫ ТІРКЕУ ҚЫЗМЕТТЕРІН КӨРСЕТЕМІЗ

Шымкент қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының мен басқаратын сәулеттік орта дизайны, сыртқы жарнама орналастыруға рұқсат беру және мекен-жайды тіркеу бөлімінде 6 маман қызмет атқарады. Оның ішінде үшеуі мемлекеттік қызметші, бас мамандар, және 3 келісім шарт негізінде жұмыс атқаратын мамандар.

Бөлім жалпы 3 салада жұмыстар жүргізеді. Олар: жылжымайтын мүлік объектілерін айқындау бойынша анықтама беру, екіншісі сыртқы жарнама нысандарын реттестіру, және үшіншісі бөлімнің атауы айтып тұрғандай, сәулеттік орта дизайнын іске асыру барысындағы сәулеттік жобаларды келісу салалары.

Жылжымайтын мүлік объектілерін айқындау жайына келетін болсақ, бөлімде осы саланы атқаруға 1 бас маман және 1 келісім шарт негізіндегі мамандарға жүктелген. Осы мемлекеттік қызметті атқаруға 1 күн ішінде орта есеппен 100-ден аса өтініштер келіп түседі. Кейде бөлімнің бар маманы жабылып істейтін кездер болса, кейде қалыпты жағдайда атқарып шығып жатамыз. Сыртқы жарнама нысандарына келсек, онда да 1 бас маман мен 1 келісім шарт маманы қызмет атқарады. Сәулеттік жобаларды келісу бойынша да 1 бас маман мен 1 келісім шарт маманына жұмыстар жүктелген.

Нобайлық жобаларды келісу бойынша жыл басынан бері 571 өтініш түсіп, қанағаттандырылған. Бұл жұмыстың барлығы біздің бөлім көрсететін мемлекеттік қызметке жатады. Сол себепті, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы тарапынан сәулеттік ортаға байланысты келісілу жөнінде өз ұсыныстары да болып тұрады.

Бөлім бұл аталған қызметтерден бөлек, абаттандыру жөнінде ұсыныстар беру, қаланы әсемдеу, көркейту бойынша жобалық жұмыстар ұсыну жайында жағдайлар туындап жатады. Осындай жұмыстарды да қоса атқарамыз. Сондай-ақ, жылжымайтын мүлік объектісінің мекен-жайын айқындау жөнінде жыл басынан бері 5 мыңға жуық өтініш қаралған және мерзімін бұзған жағдайлар орын алмаған.

Ә.Ө.Үлесбеков

Шымкент қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы

Яндекс.Метрика