Мәжбүрлі еңбекке тартылған азаматтарға ешқандай ақы төленбейді. Керісінше олар өздеріне берілген жаза мерзімін еңбекпен өтейді. Бостандықтың қадірін жақсы түсінетін олар, қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысуда. Қала тазалығын сақтауға өз үлестерін қосуда.
«Пробация» сөзі, қазақшаға аударғанда «сынау», «байқау» деген мағынан білдіреді. Яғни бостандығынан айырмайтын жазаға кесілген немесе мерзімінен бұрын шартты түрде босаған сотталушыны бақылап, тексереді. Қоғамға бейімдеп, еркін өмір сүруіне, жұмысқа орналасуына көмектеді.
Венера Айдынбаева, Қаратау аудандық №3 пробация қызметі бөлімінің инспекторы:
— Қаратау ауданына қарасты 49 адам сот үкіміне сәйкес мәжбүрлі еңбекке тартылған. Қазір олар қоғамдық жұмыстарға тартылып, қала тазалығын сақтауға өз үлестерін қосуда. Шартты түрде жазасын өтеушілер қала аумағында орналасқан мекемелердің шөбін шабу, ауласын тазалау сынды қоғамдық жұмысқа жұмылдырылуда.
Арнайы инспекторлар оларды күнделікті бақылап, жұмысқа келмей қалған жағдайда себебін анықтап отырады. Айта кетейік, пробация қызметінің негізгі міндеті — қылмыстың алдын алу болып табылады.
Leave a Reply