Кеше Шымкент қаласында дауылды ескерту жарияланды. Түнде қатты қар жауа бастады, қатты желмен аралас, желдің екпіні 25 м/с. болды.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты қаланың кейбір шағынаудандарында (Қазығұрт ш/а жартылай, Сайрам, Достық-1, Ақжар, Тұран ш/а, Қайнар бұлақ саяжай, Қайтпас-1, 2, Самал-1, 2, 3 ш/а, Откормсовхоз, Тұрлан, Коммунизм бөлімшесі (абоненттер саны анықталуда) электр жарығы өшірілді. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары «Оңтүстік Жарық Транзит»ЖШС күшімен жүргізілуде.
Бұдан басқа, қала тұрғындарына мәлімет үшін 22 қаңтар күні сағат 07.20-дан бастап республикалық маңызы бар «Алматы-Ташкент-Термез» (533-593-км, Түлкібас ауданы), Жамбыл облысы шекарасынан Айша бибі ауылынан метеорологиялық жағдайдың нашарлануына байланысты автожолдарындағы көліктің барлық түрлеріне қозғалыс жабылды.
Қолайсыз ауа райы қар, боран, қатты жел 23-қаңтарда да сақталады.
«112» басқару пультіне қала тұрғындарынан өтініш арыз-шағымдар түскен жоқ. Шымкент қ. ТЖ департаментінде шұғыл түрде жедел штабы құрылып, департаменттің күштері мен құралдары жоғары деңгейдегі дайындыққа келтірілді.
Шымкент қ. ТЖД қоғаммен байланыс тобы
Leave a Reply