Сырғыма – жер қыртыстарының ауырлық күйінің ықпалымен өзендер мен көлдер, теңіздердің тік жағалауларынан, таулар мен сай қырлардың жыраларынан топырақ массасы мен тау жыныстарының төмен қарай сырғанауы.
Сырғыма көбінесе жыралардың сумен шайылуы, топырақтың жауын-шашынмен шектен тыс мол ылғалдануы, жер сілкінуі немесе адамның іс-әрекеті (жарылыс жұмыстары, жар қабаттарынан топырақ қазу, жол салу), т.б. салдарынан туындайды.
Топырақ массаларының сырғуы тұрғын үйлер мен өндірістік-ғимараттардың, инженерлік жол құрылымдарының, магистральды құбырлармен электр тасымалдау бағаналары қирап құлауына, сондай-ақ, адамдардың зақымданып немесе мерт болуына әкеліп соғуы мүмкін.
Сырғыма қаупінің белгілері: төбе, жар беткейлерінде жаңа сызаттар мен жарық іздері пайда болуы немесе жер асты суларының жер бетіне шығуы болып табылады.
М. УСЕРБАЕВ
ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ «Оңтүстік аумақтық пайдалану-техникалық басқармасы» филиалы Шымкент өндірістік-пайдалану бөлімшесі басшысы
Leave a Reply