Коронавирус инфекциясына қарсы вакцина пайда болғалы бері бүкіл әлемдегі бірталай миллиард ересектер түрлі вакциналармен егілді.
Коронавирус инфекциясына қарсы вакцина жоғары санатта қауіпсіз, аурушаңдықтың асқынуы мен ауыр өтуін және ауруханаға жатуды азайтып, коронавирус инфекциясынан өлім жағдайларын болдырмайды.
Кең таралған COVID-19-ға қарсы вакцинация – жоғары қауіпі бар адамдарға коронавирус инфекциясына қарсы маңызды шара болып табылады.
Вакциинация жүргізу алдында коронавирусқа қарсы иммунитетке тексеруінің қажет жоқ.
Коронавирус жұқпасымен ауырғандар емделіп болғаннан 3 айдан кейін денсаулық жағдайын ескере вакцинация алуға болады.
Егілетіндерге немесе олардың ата-анасына (заңды өкілдеріне) профилактикалық егулер бойынша, иммундаудан кейін туындайтын қолайсыз кері әсерлер, егуден бас тартудың салдары туралы толық ақпарат ұсынылады.
Коронавирусқа қарсы вакцинаны 21 күндік аралықпен екі кезеңмен енгізу керек. Бірінші доза антиденелердің аз мөлшерін өндіруге байланысты қысқа қорғаныс әсерін береді. Екінші доза біріншісінің әсерін күшейтеді және нығайтады, адам организміндегі антиденелер саны артады.
Вакцинаның электрондық паспорты вакцинация ем-шарасы өткеннен кейін тікелей мобильдік қосымшасында қолжетімді болады. Вакцинацияның электрондық паспорты азамат туралы, ол алған вакцинаның түрі, вакцинация ем-шарасының кезеңділігі, сондай-ақ вакцинациядан кейінгі кезеңдегі бақылау туралы ақпарат қамтылады.
Вакцинация жасаудың басымдылығы:
— аурушаңдықтың ауыр түрде өтуін және асқынуын болдырмайды
— егілгендерді ғана емес және де айналасындағыларды қорғайды (жақындары, туыстары)
— «ұжымдық иммунитет» қалыптастырады
— иммундаудан кейін алған «егу паспорты» саяхат жасауды оңайлатады.
Құрметті қала тұрғындары коронавирус жұқпасына қарсы егу алыңыздар! Өзіңізді және жақындарыңызды індеттен қорғаңыздар!
К.Адырбаева,
Шымкент қаласы Абай ауданы
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы
Leave a Reply