ӨТКІР ІШЕК ЖҰҚПАЛАРЫНЫҢ АЛДЫН-АЛУ ШАРАЛАРЫ

Өткір ішек жұқпалы ауруларына маусымдылық тән, яғни көктем-жаз айларында көп кездеседі. Себебі бұл кезде табиғаттың ауа-райы өзгеріп, күннің ысуынан тағамдардың тез бұзылуы әсер етеді,  көкөністердің пісіп, адамдардың оны толық тазаламай қолдануы аурудың жоғарылауына әсерін тигізеді.

Ауру көзі — ауру адам немесе бактерия тасымалдаушы.

Аурудың берілу жолдары: тағам, су және тұрмыстық қарым-қатынас жолы.

Аурудың тағам арқылы жұғу жолы жиі кездеседі, ал су арқылы жұғу жолы сирек кездеседі. Қарым-қатынас жолында аурулармен қарым-қатынас болған жағдайда жеке бас гигиенасын сақтамағаннан және науқас адамның ыдыс-аяқтары арқылы жұғады.

Ауру көп жағдайда жедел басталып, дене қызуы жоғарылап, күніне аурудың ағымына байланысты бірнеше рет құсу, іш өту, мазасыздану, бас ауру, іш аймағы бүріп ауыруы мүмкін. Іш өту салдарынан адам организімі (әсіресе жас балаларда) сусызданып, адам организіміне маңызы көп микроэлементтерді жоғалтады. Бұл жағдайда дәрігерге көріну керек. Ал ең жақсысы ауруды емдегенше ауырмайтын жолын іздеу. Сондықтан аурудың алдын алу үшін аурудың берілу жолын, клиникасын, аурудан сақтану жолдарын білу өте маңызды.

Өткір ішек жұқпаларының алдын –алуының ережелері:

  • Тағамды қолданар алдында термиялық өңдеуден өткізу, үйде дайындалған тағамдардың сақталуына аса көңіл бөлу, жеке қолдан сатып алынған сүт тағамдарды әбден қайнатып ішу, балаларға мүмкіндігінше суды қайнатып беру, көшеден әр түрлі тағамдарды сатып алып жер алдын тағамның түр-түсіне қарап жеу;
  • Балалардың жеміс-жидек, көкөністерді қолданар алдын әбден суға жуып жеуін қадағалау, жеке бас гигиенасын сақтау,
  • Аналар  балаларды емізер алдында немесе балаларға тамақ берер алдында жеке бас гигиенасын сақтау;
  • Ас дайындауға, ыдыс жууға, ауыз су үшін ашық айдындардың, арықтардың суын пайдалануға болмайды!
  • Дайындалған тағамдарды ашық қалдырмаңыз!
  • Жылдам бұзылатын тағам түрлерін тоңазытқышта сақтау қажет!
  • Ас ішер алдында, дәретханадан кейін қолдарыңызды сабындап жуыңыз!

Осы шаралар орындалған жағдайда ауруды  азайтуға болады.

Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік!!!

 Гүлмира ПОЛАТОВА

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің жетекші маманы

 

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика