Мамандық таңдаудан жаңылыспа

Шымкентте жастарға арналған «Болашаққа қадам» жобасы озық ойлы өскелең ұрпақтың пікіріне құлақ асатын, оның жүзеге асуын бірігіп ақылдасатын, мектеп бітіруші түлектерге  кәсіби бағдар беруге бағытталған ашық алаңға айналып үлгерді.

Жастар ресурстық орталығы қызметкерлері аталған жоба аясында Шымқаладағы білім мекемелерінің  бітіруші сынып оқушыларының басын қосып, алдын ала  белгіленген кесте бойынша қалада бар түрлі саладағы кәсіпорындарға экскурсия ұйымдастырды.

Экскурция ұйымдастырудағы негізгі мақсат-  оқушыларға болашақ  мамандықтарын дұрыс таңдауына жәрдемдесу, бағыт беру. Саналы түрде таңдалған мамандық жеке тұлғаның болашақ өмірінің мағыналы өтуіне әсері болатынын түсіндіру. Сондай-ақ жастардың мамандық әлемі және олардың ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту. Экскурция барысында оқушылардың мамандықтарға деген қызығушылықтары мен бейімділіктері байқалады. Мамандық таңдау адам өміріндегі маңызды мәселелердің бірі.

 

Бұл жолы мектеп оқушылары «Әлем» БТ, «Назар» текстил, «SAGITEX» көпсалалы тігін фабрикаларында болды. Экскурсия кезінде кәсіпорындардың жұмыс барысымен танысып, жұмысшы- мамандармен пікірлесіп қайтты.

Бұл жоба алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

*Қызметтен кеңес

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДА ҚАНДАЙ КАДР ТАПШЫ ДЕГЕН САУАЛҒА ЖАУАП БЕРІП КӨРЕЙІК.

Дәл қазiр Қазақстанның еңбек нарығында жаңа технологиялардың тiлiн бiлетiн маманға деген сұраныс жоғары. Елдің экономикасы дамыған сайын бұл жағдай күрделене түсуде. Әсіресе, ғарыш саласында ұлттық кадрлардың үлесі жоқтың қасы. Сондықтан да астрофизик, астроном мамандықтарының қажеттiлiгi жылдан-жылға артып келедi. Мемлекеттiк стандарт бойынша бiлiм беру жөнiндегi Ұлттық орталықтың мәлiмдеуiнше, елiмiз зәру болып отырған механик, картограф және геодезист (бұл кәсiпке өте аз грант бөлiнген), геолог, баспа iсi мамандығына ұмтылушылар саны мардымсыз немесе жоққа тән.

Ел президенті Қ.Тоқаев халыққа арнаған биылғ жолдауында елдімекендерді  амбулатория  ашу туралы тапсырма берді. Бұл медицина саласының мамандарына деген сұраныс тудыратыны заңдылық.  Оның үстіне алда,ғы жылдары  осы медицина саласына бөлінетін гранттардың саны артады.

«Қызмет-Ақпарат»

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика