Құрылыс қалдықтарын көшеге шығарғандарға шара көрілді

Құрылысы қалдықтарын көшеге шығарған азаматтар жауапкершілікке тартылуда. Мұндай қатаң іс-шараны Шымкент қаласы, әл-Фараби ауданының әкімі қолға алды. Өйткен аудан қаланың қақ ортасында орналасқан, әр көше мұнтаздай таза болуы керек.
Шаһар келбетін бұзбауға шақырған аудан әкімі бұл жолы учаскелік полицейлерді ертіп алды. Бірлескен топ Ғ. Іляев, Диваев және Төле би көшелерінде рейд жүргізді. Әрбір үй иесіне көшеге қоқыс шығармау бойынша түсіндіріп, ескерту берді.
Нәтижесінде құрылыс қалдықтарын көшеге шығарғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434 — 2 бабы бойынша 3 тұрғынға айыппұл хаттамасы толтырылып , 5 азаматқа ауызша ескерту берілді.
Аудан тұрғындарына көшеге бей-берекет қоқыс тастаған жағдайда бір реттік ескертуден кейін айыппұл салынатыны бүған дейін де  ескертілген.  Бұл мәселеге жеңіл-желпі қарамай, тұрғындарды қоқыс тастау мәдениетін ұстануға шақырамыз!

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика