ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР РӨЛІ ЖӨНІНДЕ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

Қаратау аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның ұйымдастыруымен «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуда отбасылық құндылықтар рөлі» атты семинар өтті. Оған қаланың отбасы істері саласы бойынша жұмыс жүргізетін құзырлы мекемелері, үкіметтік емес ұйым өкілдерінің, мәслихат депутаттары, мектеп директорлары, аудандық аналар кеңесі мүшелерінің және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі Баян Жандосова қатысты.
Семинар барысында аудандық құзырлы мекемелер тарапынан атқарылған жұмыстар баяндалып, «Отбасындағы әке рөлі»,«Медиацияның маңызы.Мектеп медиациясын жандандыру», «Жас отбасыларын қолдауда қабылданған шаралар»,«Дәстүрлі құндылықтарды сақтау-басты парыз» секілді маңызды тақырыптар талқыланды.
Сандарды сөйлетсек, жыл сайын 400 әйел зорлык- зомбылықтан кайтыс болады. Есесіне шаңырақ шайқалып, балалар үйінде тәрбиеленушілердің саны артады. Қанша бала үреймен өмір сүреді. Сондықтан да отбасылық киклжіңнің алдын алған жөн дейді. Қаратау аудандық прокуратурасының аға прокуроры  бұзық балдар да дәл осындай отбасынан шығатынын жасырмайды. Жастайынан қатыгездіктің құрбаны болған балалармен психологтар тыңғылықты жұмыс істеу керек дейді.
Қалалық «Әкелер одағының» белсенді мүшесі, «Отбасы кеңесі» пилоттық жобасы жетекшісі, Еңбекші аудандық сотының судьясы – Е.Отарбаевтың баяндамалары тындалды.
Ер азамат отбасы алдындағы жауапкершілігін жіті түсіну қажет. Ол заңда да, шариғатта да қадап айтылғанын жеткізді. Әрі өзі басқаратын одақта белсенді әке мен үлгілілері көп екен жария етті.
Семинар барысында көтерілген ұсыныстар, пікірлер мен жобалар аудандық комиссияның жоспарына енгізілді. Семинар соңы аудан аумағындағы білім беру ұйымдарымен тренинг бағытына жалғасты. Аталған бағыттағы іс-шаралар алдағы уақытта да ауданда өткізілетін болады.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика