Шымкент: Мектептердегі қауіпсіздік қатаң қадағаланады

Үшінші мегаполиске қызметтік сапары барысында ҚР Оқу-ағарту ісінің министрі Асхат Аймағамбетов келді. Шымкент қаласы Полиция департаментіне арнайы барып, Жедел басқару орталығының қазіргі жұмысымен танысты.  Мақсаты шаһардағы білім ордаларында балалардың өмір қауіпсіздігі дұрыс қамтамасыз етілгеніне көз жеткізу. Яғни, онда орнатылған бейнекамералар мен «SOS» батырмаларының іс жүзінде қалай жұмыс істейтінін тексерді.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков министрді Жедел басқару орталығының қазіргі жұмысымен таныстырды.
Өз кезегінде, мегаполисте барлығы 235 мектеп бар екенін, оның 151-і мемлекеттік қалғаны жеке меншік екенін еске салды. Қазіргі таңда барлық мемлекеттік білім ордаларында 2600-ден астам бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұрғанын және тікелей Жедел басқару орталығына қосылғанын мәлімдеді.
Министр бақылаушы инспекторлардың әр мектептегі бейнекамераны 360 градусқа дейін бұрып, ахуалды жіті бақылай алатынына көз жеткізді. Сондай-ақ, төтенше жағдай кезінде оқу ордаларындағы «SOS» батырмалары қалай іске қосылатынын іс жүзінде тексерді. Батырманы басып, шаһар мектептерінің бірімен тікелей байланысқа шықты. Мектеп директоры жағдайдың тұрақты екенін баяндады.
Нәтижесінде, шымкенттік оқушылардың жеке қауіпсіздігі үнемі полицейлердің бақылауында екеніне көз жеткізген министр Асхат Аймағамбетов тәртіп сақшыларына өз алғысын білдіріп, қарбалас жұмыс барысында табысты болуды тіледі.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика