ШЫМКЕНТТІК ЖОЛАУШЫЛАР ТЕГІН ЖҮРЕТІН КҮН

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтетін 20 қараша күні Шымкент қаласында қоғамдық көлікте жолаушылар тегін жүреді.
Келісім бойынша сайлау күні 10 компанияға тиесілі 873 автобус 78 бағыт бойынша қатынап, жолаушыларды тегін тасымалдайды. Яғни, бұл күні тұрғындар тек сайлау учаскелеріне ғана емес, қаланың кез келген жеріне тегін барып-келуіне болады.
Айта өтейік, 20- қарашада өтетін ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына республикадағы 10 мыңнан астам сайлау учаскелері дайын. Қалалық сайлау комиссиясының берген мәліметі бойынша Шымқалада 634 818 адам дауыс беру құқығына ие.
Бүгінде комиссия мүшелері өздеріне жүктелген жұмыстарды жоспар бойынша атқарып жатыр. Айта кетейік, 23 қыркүйек пен 11 қазан аралығында президенттікке үміткерлер ұсынылды. Ал 19 қазан мен 18 қараша аралығында үгіт насихат жұмыстары жүргізіледі.
Шымкент қалалық сайлау комиссиясының төрағасы аймақта еліміз үшін маңызды саяси іс шараға барлығы дайын дейді. Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ орналасқан № 101 сайлау учаскесінде дауыс беретін орын, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да бұрыш қарастырылған. Бұл учаскеде 1235 азамат дауыс беру құқығына ие. Шақырту қағаздары сайлаушыларға  таратылып берілген. Ақпараттық материалдар да қолжетімді.
Қайырбек Құнанбаев, Шымкент қалалық сайлау учаскесінің төрағасы: «Шымкент қаласында 317 сайлау учаскесінің 5-уі аумақтық, 311 сайлау учаскелері. Қала әкімдігінің берген тізімі бойынша сайлауда дауыс беру құқығына 634 848, яғни, халықтың 56.8 пайызы  ие».

Сайлаудың заң аясында, әділ өтуін учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері қамтамасыз етеді. Сондықтан олармен кеңес- семинарлар ұйымдастырылған. Айта кететін жәйт, 20-шы қарашада өтетін кезектен тыс президент сайлауы туралы 150 бильборд Шымкенттің аумағындағы негізгі көшелердің бойында орнатылған.

Сонымен қатар, саяси науқан жайлы ақпар көпқабатты үйлердің кіре берісінде, көшелерде 10 қарашаға дейін орналастырылып бітті.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика