Балалар жылына тарту. Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасындағы неврология бөлімшесінің ашылғанына биыл 20 жыл толды.Атаулы датаға орай, аталған бөлімшедегі балаларға мерекелік тарту жасалды. Кішкентай пациенттер үшін Оңтүстік цирк ұжымы өнерлерін көрсетіп, балаларға сыйлықтар таратып, тәтті тоқаштарымен мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Бөлімше дәрігерлері тірек қимылы бұзылған, ауыр дертке шалдыққан балаларға медициналық көмек көрсетеді.
Айта кетейік, 2022 жылы бас дәрігер Д.Жумадилова бастамасымен ауыр дертке шалдыққан балаларға қалалық мәслихаттың шешімі мен денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен Шымкент қаласы бойынша жұлынның бұлшықет атрофиясы диагнозы қойылған 17 баланың 10 — қазіргі уақытта «Спинраза» препаратымен емделуде. Бұл препарат ингаляциялық наркоздың бүркемесімен асептиканың барлық ережелерін сақтай отырып, операция жасау бөлімшесінде интратекальді түрде енгізіледі.
«Спинраза» дәрісі жұлын бұлшық етінің атрофиясы диагнозы қойылған балаларды емдеу үшін қолданылады. 2022 жылдың 4-тамызынан бастап 1-18 жас аралығындағы церебральды сал ауруына шалдыққан балаларға және басқада ерекше балаларға арналған стоматологиялық көмек көрсету қолға алынып стоматология кабинеті ашылып, іске қосылды. Бұл кабинеттің негізгі мақсаты ерекше балалардың тісін емдеу.
Медициналық қызмет түрлері кеңейіп, балалар денсаулығын жақсарту үшін оң өзгерістер орын алуда. Қалалық балалар клиникалық ауруханасындағы медициналық қызметті жоғары деңгейде дамытып, дәрігерлердің кәсіби біліктілігін арттыру.
Айта өтейік, «Қазақстан халқына» қоры арқылы церебралды сал ауруына шалдыққан балаларды емдеуге 870 млн теңге бөлінеді.Бұл туралы қордың төрағасы Болат Жәмішев Орталық коммуникациялар қызметінде айтты.
«Ерте араласу орталықтарын жабдықтау жобасына біз серіктес рөлінде қатысып жатырмыз. «Самұрық-Қазына Трастпен» бірге 13 қаладағы орталықты жабдықтауға 870 млн теңге бөлеміз. Бұл негізінен церебральды сал ауруы диагнозы қойылған балаларға бағытталады. Аурулардың қандай да бір күрделі салдары болмауына, жүріп-тұруға барынша бейімделіп, кейбір қарапайым тапсырмаларды орындау арқылы өз құрдастарынан қалыспауға күш салынады. Бұл мәселені шешу үшін тиісті орталықтар болуы керек», — деді қоғамдық қордың басшысы.
Сондай-ақ, ол Қазақстанда ондай орталықтар аз екенін атап өтті.
«Қазір біздің порталға осындай орталықтарды құру туралы қосымша өтінімдер келіп түсіп жатыр. Өйткені мұндай балалардың ата-аналары облыс орталықтары мен қалаларда ғана тұрмайды. Сондықтан, бұл бағдарламаның жалғасы болады.
Мұндай орталықтарды «Қамқорлық қоры» сияқты қордың көмегінсіз құру мүмкін емес еді. Олар қазірдің өзінде осындай 7 орталықты құрды. Бұл орталықтар кейін жергілікті әкімдіктердің баласына өтеді», — деді Болат Жәмішев.
Leave a Reply