ТОҒЫЗ ЖЫР – ТОРҒЫН ОРАМАЛ

Тоғыз  жыр – торғын  орамал

 

tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: 115%;»>tories/reklama/image11062900.jpg» width=»448″ height=»336″ alt=»image11062900″ style=»float: left;» />«Кітапхананың» бүгінгі қонағы  ақын  Роза Тұрдалиева. Екі жыр жинағы жарық көрген. Алғашқы жыр жинағы «Көзотаға» ,  кезекті жыр кітабы «Сәуір самалы» деп  аталады.

tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: 115%;»>Ақынның жыр жинағына алғысөз жазған танымал жазушы  Мархабат Байғұт бұл жинақты  махаббат кітабы, мұң кітабы деп атапты. Талант табиғатының  тамыршысындай сезімтал жазушы Розаның ақындық  қолтаңбасының даралығы-сезімнің адалдығы  деп бағалаған.

tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: 115%;»>Роза Тұрдалиева қазіргі таңда М.Әуезов атындағы мемлекеттік университетінің «Қазақ әдебиеті» кафедрасында аға оқытушы. 2009 жылы «Көркем мәтіндегі гендерлік сипат: психолингвистикалық талдау» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. Факультеттегі «Сырлы сөз» әдеби шығармашылық бірлестігінің  жетекшісі. «Сырлы сөз» өнер бірлестігінде  өнер сайысында жүлделі орынды иемденіп жүрген жастар Роза апайының өлең оқудағы шеберлігін, терең ізденісін, ұстаздық болмысын ерекше ілтипатпен еске алады. Бұл Роза ақынның ұстаздық келбеті.

tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: 115%;»>Ақын үнемі ізденісте. Көңіліне оралған көрікті ойларын ақ қағазбен бөліседі. Ендеше біз, ақын, ұстаз Роза Тұрдалиеваның   жарық көрмеген бірнеше жырларын оқырмандарға  ұсынуды жөн санадық.

tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: 115%;»>

Ауырдым

 

Үкілемедің,

Уһлемедім

Үлбіреп тұрған шағымда.

 

Үгілмеп едім,

Үміт гүл едім

Үскірік шалмас бағыңда.

 

Үрпимеп едім,

Үрікпеп едім

Үдесе-дағы дауыл тым.

 

Үрген иттерге таландым-дағы,

Үп-үлкен болып ауырдым.

 

tom: 10pt; text-align: justify; text-indent: 1cm; line-height: 115%;»>Епсіздік

Мен  құлап  қалдым

Алақаным жер тіреп,

Жылап қалдым

Еңкілдеп.

Тас жолдан шаршадым

Кетем тентіреп.

 

Кетем алысқа-а-а

Жалғыздық,

Қал, енді

Жабыспа!

Мені таба еттің ғой

Намысқа.

 

Ан-о-оу әйел,

Мысқылдап күлімдегендей.

Өзі бір сүрінбегендей

Етегі түрілмегендей

Орнымнан тұрдым,

Түк білінбегендей.

 

Кетіп барам

Тіземді тасқа жырып.

Епсізбін ғой

Жоқ менде басқа қылық

Қалпым осы: Өзгеріп керегі не?

Қайтемін бас қатырып.

 

 

Үнсіз қоштасу

 

Тым  кінәмшіл  болып  алып  кейде біз,

Алай-дүлей  түсінбейтін  күйдеміз.

Егіз  тамшы  жанарынан  құлатып,

Шашын  жайды  желкесіне  түйген қыз.

 

Жүздесуге  бара алмады  бұлғақтап,

Лақтырып  сап иығына  бұрымын.

Көк  түтіні  қайта-қайта  будақтап,

Жігіт  тұрды  шегуменен  шылымын.

 

Тарқатылған бұрым қалды таралмай,

Ару  отыр кездесуге  бара алмай.

Жетектеп  жүр  үнсіздікті  үнсіздік,

Екеуіне  барар  жолды таба алмай.

 

Ару жаны жабырқаулы біртүрлі,

Тұқылды  езіп жігіт кетті, сілкінді.

Бір шөкім   бұлт көңілдерде  қалқып тұр,

Сағыныш боп  себелейді-ау бір күні.

 

 

Өмір үйретті

 

Жылап едім ұнатпады,

Ешкім мені жұбатпады,

Сағым күйрепті.

 

Сыңар қалып жабыққанмен,

Нарқыз болған қалыпта мен,

Бағым күймепті.

 

Орта жолда қалғанымда,

Жалықтырып жалған мына,

Үміт сүйретті.

 

Тағдырыма бағынуды,

Бір Аллаға табынуды,

Өмір үйретті.

 

                     

Өзгере алмадым

 

Көндігем  деп уақыттың  қалыбына,

Пішімімді өзгертіп сығымдадым.

Мейірімсіз көрінген тобыр мына,

Салқынына шыдар ма шыбын жаным.

 

Өзгергенмін… момынмын,үндемеймін

Бас шұлғимын бәріне дұрыс десіп.

Көнбіс болып қалды деп тілде мейлің,

Жүрегімді көрсең ғой шұрық тесік.

 

Шыдап келем үзілер шегі-дағы,

Батса –дағы жаныма тым ауыр кез.

Көштен қалмай барады ебі бары,

Қайтем сені қандағы дауыл мінез.

 

Өзгерем деп түскенмен әбігерге,

Құбылудың жоқ екен дәні менде.

 

 

Оралмадың

 

Сол жылы кеттің-дағы оралмадың,

Білемін еңсе тіктеп оңалмадың.

Мұң қамзолын киіп ап қамығамын,

Көз жасым сіңді ұшына орамалдың.

 

Үнсіз жүрем ешкімге жоламадым,

Оқып кейде жұлдыздар жорамалын.

Өзіңнің соқпағыңда жүр ме екенсің,

Жауынына малынып өліараның.

 

Ай аунап, күн сырғыды, жылжыды жыл,

Көңілімде қалған назым жұлқынып жүр.

Сезімім саған деген салқын тартып,

Қалсада жазып жүрмін жып-жылы жыр.

 

Төзімім айналғандай моншағыма,

Батпаймын бұл күндері онша мұңға.

 

 

Бір үзім үміт

 

Мен едім бір кез

Айқабақ, бағың

Суытып кеттің ізіңді.

Шошына қарап

Тайғанақтадым

Көргенде жүдеу жүзіңді.

 

Сол кезде кетіп

Қайта оралмадың,

Жүк салып нәзік иыққа.

Момындығым ба,

Қайтара алмадым

Тірелдім талай тұйыққа.

 

Таба алмай жанды,

Еңіредім де,

Бабы жоқ байғұс көңілдің.

Бір үзім үміт

Емірендім де,

Сыр бермес сыртқа көңіл бұл.

 

Білмедің бе екен

Маңдайың тасқа,

Соғылатынын ерте-кеш.

Келгенде мына

Орталау жасқа

Не боларыңды өзің шеш!

 

 

Жыр бұлаққа айналдым

 

Маған атақ неге керек,

Түспейді оған ұнжырғам.

Табиғатым-ерен, ерек

Жаратылдым гүл жырдан.

 

Жырдың сөлін сіміргенде,

Жетпей тағы бір жұтым.

Қаңсып жүрек тілінгенде,

Қашты ма екен түр-құтың.

 

Аласұрып аңсап әлі,

Тамсанарсың… кешігіп.

Есіңді алар таң самалы

Ыстық дем боп есіліп.

 

Мазалайды мың құлпырып,

Қырдың гүлі қырмызы.

Жүрегіңе жыр тұндырып,

Қаратаудың бір қызы.

 

Кетті ме екен байқадың ба?

Көк шәлісін қолға алып.

Өкініп бас шайқадын ба,

Оңаша да толғанып.

 

Кетіп қалды қырдың қызы,

Құба-жон, бел, жоталап.

Мұң торлаған нұрлы жүзді,

Отты жанар боталап.

 

Өлең болып өрілдімде,

Жыр бұлаққа айналдым.

Сағыныш боп көңіліңде,

Алқымыңа байландым.

 

Өзімді іздеймін

 

Күрсінді самал,

Табам ба амал

Құбылып далам өзгерді.

Жолдарда тарам,

Сыздады-ау жарам

Астамшыл жанды көз көрді.

 

Сазарып өзі,

Тым ащы сөзі

Жүрекке тиді обал-ай.

Тектіден тегі,

Тиетін себі

Болмаған екен о,тоба-ай.

 

Шашатын шуақ,

Беретін қуат

Күш  бар ма екен бойымда.

Қайдам-ау бір-ақ,

Тірлігім уақ

Не барын білмен ойымда.

 

Толмайды көңіл,

Сұп-сұр боп өңір

Алай да дүлей сезім бір.

Таусылды төзім,

Өзімді өзім

Таба алмай жүрген кезім бұл.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика