МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ АЛҒАШҚЫ МЕКТЕБІМ

Мемлекеттік қызметтегі алғашқы мектебім

tories/101.jpg» width=»448″ height=»271″ alt=»101″ style=»float: left;» />Барлық адам ұстаз алдын көреді, мектептен өтеді. Білім мектебі, өмір мектебі, тәжірибе мектебі. Қызмет, жұмыс та өз алдына бір мектеп. Мемлекеттік қызметте де солай. Күн өткен сайын мемлекет көрсетіп отырған қызмет пен халықтың арасы жақындап келеді. Мұны басым бөлігі аталған қызметті кәсібилендіруге арналған Ұлт жоспары орындалу үшін жасалатын 100 қадам мен «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның нәтижесі, жемісі деп түсінуге болады. Заңда, Аталған бағдарлама да шын мәнінде азаматтарға, мемлекетте тұратын халыққа арналғанын өмірден көруге болады. Мемлекеттік қызмет көрсету қолжетімді. Халықпен етене араласқан сайын мемқызметкер атанғысы келетін жастар көптеп табылып жатады. Өйткені мәртебелі міндет, қадірлі қызмет. Оған мемлекеттік қызметтің қазіргі кездегі ашықтығы да әсер етеді.

Мемлекеттік қызметке келуші жастардың басым бөлігі білімді, қызметке деген қызығушылығы жоғары. Бұл шындық. Оған осы кезге дейін мемлекеттік қызметшілердің күнделікті тіршілігімен танысу барысында әбден көзіміз жетті. Әсіресе жаңадан келіп жатқан жас мемқызметкерлердің көзқарасы жаңашыл, болашаққа деген сенімі мол, еңбекқор. Елбасының салиқалы саясатына барынша беріле қызмет етуге дайын. Ол бүгінгі біздің қоғамның жетістігі.

Жоғарғы оқу орнын аяқтаған әрбір жастың алдына қойған арман тілегі ол ең бірінші жұмысқа тұру екені айтпасада белгілі. Өзінің төрт-бес жыл бойы алған білімімен оқу тәжірибесін көрсетуді әрбір жас өзінің мақсаты санайды. Сонымен бірге әрбір адам алған білімін өз елінің болашағының өркендеуіне арнауы керек деген қағида бар.Ол баланың адамгершілік пен еліне деген сүйіспеншілігінің белгісі ретінде қалыптасады. Дәл осы жолда қызмет еткісі келген жастардың арасында мемлекеттік қызметке келуші жастар да жетерлік. Олар қызметке келген соң кәсібилікке бет алады. Оқиды үйренеді, біліктілігін көтереді.Білікті маман ретінде қалыптасып, елге қызмет ете жүріп қызмет бабында үлкен жетістікке жеткісі, қызмет сатысымен жоғары өрлегісі келеді. Біз бүгін мемлекеттік қызметшілердің арасынан жаңадан қызметке келуші осындай жастарды іздедік. Сүйттікте қазіргі таңда көрсетіп отырған қызметі өте танымал және үлкен қажеттілік туындатып отырған Шымкент қаласы Тұрғын үй қатынастары бөлімі мемлекеттік мекемесіне бардық. Келген жөнімізді айтып едік, қызметкерлер бір ауыздан жас мемқызметкер Тұрғын үй қатынастары бөлімі мемлекеттік мекемесінде несие және арендалық тұрғын үй секторының нұсқаушысы болып қызмет атқаратын Нұргүл Саймырзаева Қуанышқызын нұсқады. Алғаш жөн сұрасқан Шымкент қаласы тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы Абдінұров Мәлік Құттымбетұлы Нұргүлдің ұжымда өте белсенді екендігін алға тартты. Мемлекеттік несие және арендалық тұрғын үй бүгінде елдің аузында жүрген өзекті тақырып екені екені. Жұмыстың қызып жататына күмән келтірмедік. Көпке қызметі мүлтіксіз деп танылған кейіпкерімізбен таныстыра отырайық.

Нұргүл Қуанышқызы 1994 жылы «Бірінші мамыр» ауылында дүниеге келген.Мектеп бітірді. Жоғары білім алды. Ол дипломы соған сай білімі бола тұра жұмыс таппай жүрмін деген қатарластарының пікірімен келісе бермейді.

-Қазіргі кезде жұмысқа тұрамын деген жасқа ниеті болса жұмыс табу аса қатты күрделі немесе ауыр шаруа емес. Біздің елімізде жастардың сапалы білім алып, жұмысқа тұрып еңбек етуіне өте жақсы жағдай жасалған.

 Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың тікелей бастамасымен қолға алынған «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы» елімізде қарқынды дамып отыр. Сол жобаның арқасында талай жас жұмысқа тұрып, елдің алғысы мен ризашылығына бөленіп отыр. Соның бірі өзіммін. Сол себепті де жастардың жұмысқа тұруына себепші болған бұл жобаға меніңде айтар алғысым шексіз. Осы жоба арқылы менде өз тілегімді орындадым. Тәжірибеден өттім, жұмысқа тұрдым. Мемқызметкер атандым. Қазіргі таңда өзіңіз көріп отырсыз, «Тұрғын үй қатынастары бөлімі мемлекеттік мекемесінде несие және арендалық тұрғын үй секторының» нұсқаушысы болып қызмет атқарамын. Мектеп табалдырығында жүргенімде-ақ маған мемлекеттік қызметке келу ұнайтын. Ол кезде мемқызметкер деген атауды білмесемде елім, оның дамуы үшін жұмыс жасау арманым болатын. Оны бала қиял дегім келмейді. Себебі арманға жетеледі, ол арман мені осында әкелді. Қарапайым халықпен жұмыс жасау, солардың өтініштері мен тапсырмаларын орындау менің сүйікті ісіме айналды бүгінде. Біреулер мені мансапқор деп ойлауы мүмкін, шынымды айтайын мемлекеттік қызметкер атану менің арманым болған.

Қазір мансап баспалдағымен көтерілу уақыт талабы, тіпті ол заңда ашық көрсетілген. Біздің бұл айтқанымызбен келіскен Нұргүл оны көпшілік түсіне бермейді ғой деп қойды. Мұнын да өз шындығы бар.

-Сонымен бағдарлама арқылы жолдама алып осы мекемеге келдім. Қызметке араласқаннан соң белгіленген уақыт алты ай аралығында өз білімі мен біліктілігімді барынша көрсетуге тырыстым. Соның нәтижесі осындағы ұжым мені бағдарламаның уақытысы біткеннен кейін қызметке алып қалды. Бұл мен үшін мақсатыма жетер жолдағы тағы бір асу алынған сәт. Осылай мен нағыз мемлекеттік қызметшіге айналдым,-деп ағынан жарылды Нұргүл Саймырзаева. Оның жұмыс барысында үлгі тұтар, ақыл-кеңесіне үйренер аға-әпкелері де аз емес. Егер білікті мамандардан құралған кішіпейіл, қамқор көңілді ұжым болмаса ол өз қабілетін көрсете алмас еді.

-Шымкент қаласы тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы Абдінұров Мәлік Құттымбетұлына, бөлім басшысының Әшірбаева Гүлнар Құдайбергенқызына, несие және арендалық тұрғын үй секторының бас маманы Абдуалиева Фарида Асқарқызына шексіз алғысымды білдіремін. Осы кісілердің көрсеткен көмегінің арқасында мен білмегенімді біліп, талай нәрсе үйреніп жүрмін. Алғаш келгенімде білмегенімді үйретіп, мемлекеттік қызметшінің халықпен қарым-қатынасы қандай болу керектігін, сөйлесу әдебі мен этика жайын түсіндіріп жүрді. Олардың кемшілігімді айтқанын сын деп емес, жанашырлық деп қабылдадым, осы кісілер сияқты маман болып қалыптасқым келді. Сол себепті де айтқандарын екі етпедім. Олай ету өзім үшін керек еді. Үлгі боларлық үлкендердің ізімен жүрдім. Келушілерден де үйренгенім көп болды. Өмірдің өзі мектеп емес пе?!. Ал, менің мемлекеттік қызметтегі мектебім осы мекеме. Шымкент қаласы Тұрғын үй қатынастары бөлімі мемлекеттік мекемесі. Жастардың жұмысқа тұрып, халыққа қызмет етуіне бірден бір ықпал етіп жатқан бұл мекемеде мен секілді талай жас буын жұмыс жасап жатыр.

 Тұрғын үй қатынастары бөлімі мемлекеттік мекемесіндегі несие және арендалық тұрғын үй секторының нұсқаушысы қызметте әлі талай жетістікке жеткісі келеді. Оған өзінің білімін одан әрі шыңдай түсу керек.Алда талай асулар күтіп тұр.

Бұл мекеме қала азаматтарына сапалы қызмет көрсетіп отырған жоқ, жастарға Мемлекеттік қызметтің қыр-сырын үйретіп журген бұл мекеме ұжымының жұмысы тынымсыз. Әр қызметкердің алды келушіден арылмайды. Өйткені мегаполис атануға иек артып отырған облыс орталығында тұрғын үйге деген сұраныс жоғары.

Халық үшін сапалы қызмет көрсету ең басты мақсатымыз дейді, қызметкерлер. Бұл біз үшін маңызды. Әріптестерінің осы пікірін жандандыра түскен Нұргүл Саймырзаева:

-Бүгінгі таңда қала халқын Қазақстан Ипотекалық Компаниясы АҚ ИҰ арқылы басқа да мемлекеттік бағдарламалар арқылы тұрғын үймен қамтамасыз етіп отырған бөлімнің атқарып отырған жұмысы ауыз толтырып айтуға тұрарлық. Мұнда келуші халық өте көп. Жұмыс тығыз. Барлығына үлгеруге тырысамыз. Халыққа сапалы қызмет көрсетудің бір тетігі нақты, түсінікті тілде сөйлей білу. Осыны естен шығармаймыз. Осы қағидалармен қатар қызмет барысында білімімізді шыңдай түсу тағы бар,-дейді.

Мемлекеттік қызметкер үнемі ізденісте, өзінің біліктілігін арттырып тұруы міндетті. Талап сондай. Осы талаптан шығу үшін бүгінгі біздің кейіпкерімізде тынымсыз еңбек етеді, ізденеді. Нұргүл Саймырзақызы алдағы уақытта мемлекеттік қызметтің шыңана шықсам деген арман-тілегі бар. Жас мемқызметкер қарапайым халыққа көмек көрсету, жөн сілтеу жолдарын мүмкіндігінше қолжетімді әрі түсінікті еткісі келеді.Оның да өзіндік әдіс-тәсілдері барына сенеді. Сол әдіс-тәсілдерді тауып, қолданысқа енгізсем дейді. Біркездегі мемқызметкер атансам деген бала арман ол үшін орындалды. Арманға арман жалғасады. Енді жаңашыл, бастамашыл болуды көздейді. Оны алға сенім жетелейді. Олай болатыны оған өзі алғаш еңбек жолын бастаған ұжымы сенім білдірді.

Жарылқасын Үсентаев

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика