*Сіздің жан-дүниеңіз
Өзімді-өзім жек көріп барамын…
tories/photo_88064.jpg» width=»435″ height=»336″ alt=»photo_88064″ style=»vertical-align: middle;» />
Кейде осындай жағдай болады. Сізде оны жоққа шығармайды деп ойлаймыз. Басқаны емес, өзіңдң жақтырмайсың. Өзіңе көңілің толмайды, істеген ісіңнен де қанағат алмайсың. Түсініксіз бір күй кешесің? Неге? Неге адамның өзіне-өзі көңілі толмайды? Жалпы алғанда бұл жақсы қасиет. Алға сүйрейді, түсініксіз жағымсыз сезімнен арылу үшін іздене бастайсыз. Ал, бұл ізденіс көптеген жақсылықтардың жалынан ұстауға жол ашуы әбден мүмкні. Мүмкін емес-ау көп жағдайда солай болады. Мұның екінші жағы да бар. Оны ескермесе де болмайды. Ол әлгінде айтқан жағымсыз көңіл-күй. Енді не ісеу керек? Осы туралы ойланып көрдіңіз бе? Әрине ойландыңыз… Бірге ойланайық.
Адам күш-қуатты қайдан алады?
Бұл жерде дене жаттығуларының орны ерекше. Егер, физикалық тұрғыда әлсіз болсаңыз, тез шаршайсыз,оадн кейін жоспарлы жұмысыңызға үлгере алмайсыз. КБұл шаруаны оп-оңай шешуге болады. Арайлап атқан таңыңыз таңертең 2-3 шақырым қашықтыққа жүгіруден бастаңыз. Сымдай тартылған сымбатты сыртқы тұлғаңыз ішкі қуатыңыздан хабар береді. Физикалық жаттығулар шаршатпайды керісінше, күш-қуатыңызды толықтыра түседі, осы есіңізде болсын.
Не ойлағыңыз келсе, сол туралы ойланыңыз
Адамның ішкі дауысы «сөйлей» бастағанда көңіл-күй бұзылады. Оны сөйлететін келеңсіздіктер, кедергілер, қиындықтар. Ол: «сен әлсізсің», «Ебедейсізсің, қолыңнан келмейді», «Жолы болмайтын адамсың» деп тайталасады санаңызбен. Оны болдырмау үшін қарсыласа біліңіз. Өміріңіздегі сәтті қадамдар, қуанышты сәттер туралы ойланыңыз. Ондай сәттер барлық адамда болады. Өкінішке орай бақытты сәттер тез ұмытылады.Басқаға емес, өзіңізге қандай жақсы адам екеніңізді, мықты, жігерлі, қабілетті жан екеніңізді айтып отырыңыз. Оны ешкім естіп жатқан жоқ қой. Ішкі дауысыңызды осылай жеңуге болады. Оны сырттан келіп басқаның жеңіп беруі мүмкін емес.
Қарым-қабілетіңізге көңіл аударып тұрыңыз.
Ол үшін екі парақ алып, біріншісіне өзіңіздің жағымды жақтарыңызды, ал екінші параққа өзіңізді өзгерткіңіз, түзегіңіз келетін жағымсыз жақтарыңызды жазыңыз. Бұл өте оңай тәсіл. Бәрін жазып болған соң, екеуіне қатар көз жүгіртіп, жағымды жақтарыңызды көбірек дауыстап оқыңыз. Мұндай әдіс сізге ішкі сенімділік ұялатады. Мұны күнделікті қайталап, күнде өзіңізден есеп алып отырыңыз. Өзіңізге аз ғана уақытыңызды бөліңізші, бәрі де өзгереді.
Көңілді адамдармен араласыңыз
Жан-жағыңызға қарап қойыңызшы. Жаныңызда қандай адамдар жүр?! Олардың ішінде сізді сынағыш, бойыңыздан мін тергіш адамдар бар ма? Олай болса, өзіңізді олардан аулақ ұстаңыз. Өзіңізді-өзіңіздің сынап жүргеніңізде жетеді, қоюлатып қайтесіз. Одан да жүзінен күлкі кетпейтін, жан-жағына шуағын шашып жүретін, өзін-өзі жақсы бағалайтын көңілді, өмірді сол қалпында шынайы қабылдайтын жандарға қарай жақындаңыз. Ондай адамдар кез-келген ортада болады. Â Және өзгелердің сыртынан сөз айтпайды. Өз ісін біледі.
Қандай іспен айналысқанды жақсы көресіз…
Осы туралы ойланыңыз. Әр адамның сүйікті сі міндетті түрде болады. Ол туралы күйбең тіршіліктің шырмауында жүріп ұмытып кетуі мүмкін.Жаныңыз қалайтын іспен айналысу, жан дүниеңіздегі беймазалықты жояды. Адамның өзіне сенімсіз болуы қалаған ісімен айналыспауына тікелей қатысты. Қаламайтын іспен айналысу бойкүйездікке, ашушаңдыққа тартады. Адамда жан қалауы орындалғанда ғана жақсы ой қалыптасады. Â
Дайындаған: Б.Жақсыбекқызы
Leave a Reply