tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 19.85pt;»>tories/ 004.jpg» alt=»alt» />
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 19.85pt;»>Қазіргі таңда электр энергиясынсыз өмірді елестету мүмкін емес. Біздің өмірімізге аса керекті құралдар, яғни дербес компьютерлер, дербес электронды есептегіш машиналар, қол электр машиналары, электр музыка аспаптары, ең төмені тұрмыстық мақсаттағы электр аппараттары мен құралдары, барлығы да электр энергиясымен жұмыс жасайтыны белгілі. Энергетика жүйесі – электр энергиясы мен қуатын өндіру және электрмен жабдықтау жүйесі, ұлттық экономиканың өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымындағы маңызды саласы әрі өнеркәсіптің басқа салаларын дамытуда маңызы өте зор екені белгілі. Соның ішінде төмен вольтті жабдықтардың алар орны ерекше. Осыған орай, 2010 жылғы 18 қарашадағы Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының техникалық реттеудің бірыңғай принциптері мен ережелері туралы келісім сәйкес, Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 16 тамыздағы № 768 шешімімен «Төмен вольтті жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» КО ТР 004/2011 бекітілді (бұдан әрі – техникалық регламент).
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 19.85pt;»>Осы техникалық регламенттің негізгі мақсаты адам өмірінің қауіпсіздігі болып табылады. Осы техникалық регламентке сәйкес әзірленген төмен вольтті жабдықтар адам өміріне кері әсерін бермейтіні белгілі.
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 19.85pt;»>Аталған техникалық регламенттің: жарылыс қауіпті ортада жұмыс істеуге арналған электр жабдықтарына; медициналық мақсаттағы бұйымдарға; лифтілер мен жүк көтергіштердің электр жабдықтарына (электр машиналарынан басқа); қорғаныс мақсатындағы электр жабдықтарына; жайылымдық қоршауларға арналған басқару құрылғыларына; әуе, су, жерүсті және жерасты көлігінде пайдалануға арналған электр жабдықтарына; атом стансаларының реакторлық қондырғыларының қауіпсіздік жүйелеріне арналған электр жабдықтарына таралмайтынын ескерте кеткен жөн!!!
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 19.85pt;»>Төмен вольтті жабдықтар осы Кеден одағы техникалық регламентіне, сондай-ақ қолданысы таралатын Кеден одағының, ЕурАзЭҚ басқа техникалық регламенттеріне сәйкес келген жағдайда және осы Кеден одағы техникалық регламентінің 4-бабы бойынша, сондай-ақ қолданысы таралатын Кеден одағының, ЕурАзЭҚ басқа техникалық регламенттері бойынша олар растаудан өткен жағдайда, нарықтағы айналымға шығарылады.
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 19.85pt;»>Осы техникалық регламент бойынша қойылатын талаптарға тоқтала кетсек:
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 19.85pt;»>— төмен вольтті жабдықтың атауы және белгіленуі (типі, маркасы, моделі), оның қауіпсіздігіне әсер ететін негізгі параметрлері мен сипаттамалары дайындаушының атауы және тауарлық белгісі, төмен вольтті жабдықты жасаған елдің атауы төмен вольтті жабдыққа түсірілуге және оған қоса берілген пайдалану құжаттарында көрсетілуге тиіс;
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 19.85pt;»>— бұл ретте дайындаушының атауы және (немесе) оның тауарлық белгісі, төмен вольтті жабдықтың атауы мен белгіленуі (типі, маркасы, моделі) орауышқа да түсірілуге тиіс.
tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 19.85pt;»>Сонымен қатар, пайдалану құжаттары ресми тілде және Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамаларында тиісті талаптар болған жағдайда Кеден одағына мүше мемлекеттің мемлекеттік тілдерінде орындалады. Осы КО ТР 004/2011 талаптарына сәйкес келетін және сәйкестікті растаудан өткен төмен вольтті жабдықтарда Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығындағы өнім айналымының бірыңғай белгісімен таңбаланған таңбасы болуға тиіс. Тұтынушыларға ескерте кететін маңызды жайттардың бірі сәйкестікті растау, яғни нарықтағы айналымға шығарар алдында төмен вольтті жабдықтар техникалық регламентің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растаудан өтуге тиіс.
tom: 0.0001pt; text-align: right; text-indent: 19.85pt;»>Ә. ҚЫРЫҚБАЕВА,
tom: 0.0001pt; text-align: right; text-indent: 19.85pt;»>Техникалық реттеу және метрология комитетінің ОҚО бойынша департаментінің бөлім басшысы
Leave a Reply