tories/01policy.jpg» border=»0″ />
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 8 тармағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің рөлін арттыру және мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданушыларды іріктеу ресімін орталықтандыру көзделген.
Бұл, әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға үміткерлер сияқты құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтар Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тесттен және жеке қасиеттерін бағалаудан өткізіледі деп білдіреді. Осындай іріктеу ресімі 2017 жылдың басынан басталды.
Осы тесттен өту үшін, құқық қорғау қызметіне кіруге ниет білдірген азамат «электрондық үкімет» порталы немесе ЦОН арқылы тіркелу керек. Тіркелгенде ол тесттің күнін және уақытын таңдайды. Бұдан кейін азаматқа тесттің күні және уақыты көрсетілген қолхат беріледі.
Сондай-ақ, тіркелгенде тестілеудің үш бағдарламадан біреуін таңдау керек. Әрі бағдарлама белгілі лауазымдарға арналған.
Мысалы, бірінші бағдарлама көбінесе прокуратура лауазымдарының үміткерлеріне арналған. Онда 110 минутта 9 заң бойынша 135 сұраққа жауап беру керек. Бастапқы мәні 95 дұрыс жауап құрайды.
Екінші бағдарлама офицерлік құрамы лауазымдарының үміткерлерге арналған. Онда 90 минутта 7 заң бойынша 105 сұраққа жауап беру керек. Өту үшін 63 дұрыс жауаптан кем болмау керек.
Үшінші бағдарлама қатардағы және сержанттық құрамы лауазымдарының үміткерлерге арналған. Онда 60 минутта 5 заң бойынша 75 сұраққа жауап беру керек. Кем дегенде 35 дұрыс жауапты құрайды.
Белгіленген уақытында азамат тест залына жеке куәлігімен келеді. Әкімші барлық тестіленуші адамдарды кестеге сәйкес тексеріп, тестілеу бойынша нұсқаулық өткізеді және олардан туындаған сұрақтарға жауап береді. Тестілеудің ережелері жеңіл: басқа адамдармен сөйлесуге, материалдар және телефондар қолданылуға, қағаз алмасуға болмайды. Біреу осы талаптарды бұзған жағдайда, оны залдан шығарып жібереді және оның тестілеу нәтижелері жойылады. Қайта тестілеуді бұзу болған күннен бастап алты айдан кем емес мерзімнен кейін өте алады.
Тестілеудің уақыты біткенде, компьютер автоматты түрде тестті жабады және дұрыс сұрақтардың мөлшерін санайды.
Тестілеу бағдарламаларында көрсетілген мәндерден төмен емес тестілеудің нәтижесін алған кандидатқа Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеуден өту туралы сертификат беріледі. Сертификат тестілеу өткізілген күннен бастап бір жылдың ішінде жарамды. Осы уақыт бойында сертификат иеленушiлер бос мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурстарға қатыса алады. Алайда, бірінші тестілеу бағдарламасы бойынша берілген сертификат бірінші, екінші және үшінші тестілеу бағдарламаларына жататын санаттарына жарамды. Екінші бағдарламасы бойынша берілген сертификат екінші және үшінші бағдарламасының санаттарына жарамды. Ал, үшінші бағдарламасы бойынша берілген сертификат тек қана үшінші бағдарламасының санаттарына жарамды.
Сондай-ақ, сертификат алған үміткерлер, тестілеуді аяқтағаннан кейін жиырма минуттан кешіктірілмей, жеке қасиеттерін бағалау тестілеуден өтеді. Оларға жеке қасиеттерін бағалауға тестілеудің нәтижелері бойынша қорытынды беріледі.
Тестілеуден өтпеген үміткерлер нысанда мәндерден төмен нәтижелермен тестілеу өткендігі туралы анықтама алады. Олар екі айдан кейін тағы да тестті өтуге сынап көре алады.
Н. ШЫНТАЕВ.
Шымкент қаласы
Leave a Reply