tories/001lat.jpg» border=»0″ />
Латын әліпбиіне көшу мәселесінің айтылып келе жатқанына біраз уақыт болды. Пікір қайшылығын ел тәуелсіздік алған уақыттан бастап түгендеуге болады. Бірінші болып, қазақ тілшілері осы мәселені қозғап, орыс жазуына негізделген қазақ жазуының әліпбиінен латын әліпбиіне көшу туралы жазған еді. Енді міне, шарықтау шегіне жеткен мәселенің күрмеуі шешіле бастады. Елбасы 2017 жылдың соңында дейін латын әліпбиіне көшу жобасын даярлауды ұсынды.
Жалпы латын әліпбиіне негізделген қазақ жазуы қазаққа керек пе, жоқ па? Көше қалсақ, бізге не береді? Бүкіл қазақ халқының көкейіндегі сұрақ осы. Ұтамыз ба, ұтыламыз ба? Шыққан қаражат орны тола ма, әлде толмай ма? Ең бастысы, өзін ғана емес, елін, ұлтын ойлайтын зияткерлік ұлт қалыптастыруға бұл әліпбидің септігі тие ме? Міне, бүгінгі таңда қоғамды ойландырып отырған сауалдардың бірі осы.
Зияткерлік ұлтты да адамдар құрайды. Оның сапына кіремін деген азамат ең алдымен өз ана тілін сүю керек, себебі өз ана тілін сүйген адамнан ғана өз елі мен өз ұлтын сүю туса керек. Әрине, латын әліпбиіне көшу қазақ тілінде бұрын болмаған реформа. Десе де одан қорқудың керегі жоқ. Өйткені, өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналған компьютердің тілі латын әрпімен шыққан. Әлемдегі елдердің 70 пайыздан астамы латын тілін қолданады. ХХІ ғ. латын тілі – технология, ақпарат, коммуникация тіліне айналып отыр. Жалпы әлемдік елдермен бәсекеге түсуде елімізге керек басты қарудың бірі – латын әліпбиіне негізделген қазақ жазуы болса керек. Онан өзге бүгінгі қоғамда латын өмірімізге мүлдем жат десек жаңылысамыз. Шетелге шығатын төлқұжатыңызға қараңызшы. Бәрі латын тілінде толтырылған.Жоғарыда айтқандай елдің даму тетіктеріне арналған технология, ақпарат, коммуникация латын әрпінде сөйлейді. Ал, әлемдегі басқа ұлттармен бәсекеге түсуде қазақ ұлтына ең керек нәрсе жалпы зияткерлік мен әлемдік деңгейдегі білім. Оған жеткізетін латын әліпбиі. Мен әріп үйренуді бастадым, ол маған жат көрінбеді. Сіз ше?
Латын әрпіне көшуге қалай дайындалып жүрсіз?
Г. АДІЛБЕКОВА,
әділет лейтенанты
Шымкент қаласы.
Leave a Reply