Шымкент қаласының «Жастар ресурстық орталығы» ғимаратында Жұмысшы мамандығының «WorldSkills Shymkent — 2023» кәсіби шеберлік чемпионатының аймақтық кезеңінің жабылу салтанаты өтіп, «WorldSkills Shymkent — 2023» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты қорытындыланды.
Аймақтық чемпионат Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары және кәсіпорындармен бірлесе отырып, ағымдағы жылдың 17-21 сәуір күндері аралығында «Жас маман» жобасы аясында заманауи құрал-жабдықтармен және техникалық жабдықтармен құзыреттілік орталықтары қарастырылған, қаланың жетекші орта білім ордаларының бірі 14-ші колледждің базасында өтті.
«WorldSkills» чемпионатының аймақтық кезеңіне 45 құзыреттілік бойынша 204 үміткер қатысты. Чемпионатқа қатысушылар «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Өндірістік және инженерлік технологиялар», «Қызмет көрсету саласы», «Білім беру», «Медицина», «Шығармашылық және дизайн», «Құрылыс индустриясы», «Көлік және логистика» бағыттары бойынша білімдері мен біліктіліктерін ортаға салды..
Үміткер қатысушылар тек жеке кәсіби сапасын ғана емес, сонымен қатар, қызмет көрсету сапасының деңгейін де көрсете білді.
Чемпионат нәтижесінің қорытындысына сәйкес CIS халықаралық бағалау жүйесінің критерийлері бойынша бағаланып, І дәрежелі дипломды 50 студент, ІІ дәрежелі дипломды 52 студент, ІІІ дәрежелі дипломды 47 студент иеленсе, «Үздік маман» номинациясын 6 студент иеленді. Ең үздік деп танылған І дәрежелі диплом иегерлері өткізілуі ағымдағы жылдың маусым айына жоспарланып отырған республикалық «WorldSkills Kazakhstan-2023» чемпионатына жолдама алды.
Мемлекет басшысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауы аясында техникалық және кәсіптік мамандықтардың сапалылығы мен бәсекеге қабілеттілігіне баса назар аударылуда.
Колледждерде «Жаңа индустрияға өндірісті көтеретін, жұмыс берушілердің талабына сай келетін мамандар даярлау» қағидасына сай міндеттер сатылап жүзеге асырылуда. Атап айтсақ, білім берудің мазмұнын жаңарту, сабақ беретін инженер-педагогтардың білім деңгейін көтеру және жұмыс берушілермен ынтымақтастықтықта тығыз байланыс жасау.
«WorldSkills Kazakhstan — 2023» кәсіби шеберлік чемпионатына жолдама алған жеңімпаз жастарымызға сәттілік тілейміз.
Қызмет ақпарат
(2000 символ)
Leave a Reply