ШЫМКЕНТТІКТЕР БІРЛІК МЕРЕКЕСІН ТОЙЛАДЫ

Шымкентте “Қиял Әлемі” саябағында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бірлігіміз жарасқан» атты мерекелік іс шара өтуде.

Саябаққа жиналған көпшілік “Бірлігіміз жарасқан” әні және хореграфиялық композициясымен бастау алған мерекелік іс-шараны көтеріңкі көңіл-күйде тамашалады.

Мерекені Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов арнайы құттықтаумен ашып, қала тұрғындары мен қонақтарына ізгі тілегін жеткізді.

-Бүгін баршаңызды 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын!

Жуырда Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясында  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың бірлігі бекем болса, экономикалық даму, бейбітшілік пен тұрақтылық бар екенін айтып өтті.  Елімізде өмір сүріп жатқан барлық этнос өкілдері өз болашағын  Қазақстанмен байланыстырады және оның өркендеуі үшін аянбай еңбек етіп келеді. Біздің жалғыз отанымыз бар. Ол — Қазақстан. Бейбіт күнде, шаттыққа толы Бірлік күні құтты болсын!,  — деді Мұрат Дүйсенбекұлы.  Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі. Еліміздің барлық өңірлерінде дерлік  1 мамыр тойланады. Мақсаты, ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып,  татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды  насихаттау.

«Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған.. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерек.

Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Еліміздегі этностарды бұрынғыдан да жақындастыру үшін бүкіл Қазақстанда жаппай патриоттық шерулер өтеді.

Бүгінде «Достық» атты бір шаңырақ астына шоғырланған әрбір ұлттық-мәдени орталықтар мерекеде ән айтып, би билеп, жалпыхалықтық мейрамда дәстүр мен салтқа толы түрлі көріністер көрсетіледі. Халықтың көңіл-күйін көтеру үшін түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылады.

Мерекелік кеште Шымкент қалалық мәдениет үйі өнерпаздары және “Айгөлек”, “Шамсинур”, “Еркетай”, “Қаракөз”, “Би таңы”, “Қазына” би ансамблдері, «MEIR» балет мектебі және славян этносынан «Светоч» хоры өнер көрсетті.

Мерекеде “Қазақстан” әні шырқалып 500 шар және 200 көгершін ұшырылды.

Сонымен қатар дәл осы сәтте “Арбат” алаңында “Көгершіндер” көрмесі және мерекелік этно көрме, “Абай” саябағында мерекелік концерт, Зообақта “Цирк” әртістерінің арнайы нөмірлері, “Орталық” саябақта Қуыршақ театрының қойылымы сахналанып бүлдіршіндерге тарту етілді.

Қызмет ақпарат

(2000 символ)

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика