«Қорғау»: Шымкентте 124 мыңға жуық әкімшілік құқықбұзушылық анықталды

Елімізде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушыларды дер кезінде анықтау мақсатында «Қорғау-Қауіпті жүргізуші» бағдарламасы іске қосылып, өз нәтижесін беріп жатыр. Осы ретте Шымкент қаласының полицейлері жаңа бағдарлама арқылы құқық бұзушылықтарды анықтап, алдын алып келеді.

Мәселен, сәуір айынан бастап қазіргі уақытқа дейін  «Сергек Қорғау — қауіпті жүргізуші» бағдарламасының көмегімен миллионды қала — Шымкентте 123 964 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде, жалған мемлекеттік нөмір тағып жүрген – 62, автокөлік терезесін күңгірттеп алған – 4478, тиісті рұқсатынсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқарған – 926 тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылды. Қозғалыстың қарсы жолағына шыққан – 206, бағдаршамның тыйым салынған түсіне (сигналына) өтіп кеткен – 903, жаяу жүргіншіге басымдық бермеген – 418, көлік құралын басқаруға құқығы жоқ 684 жүргізуші белгілі болды. Сондай-ақ, басқару құқығынан айырылған – 26, өзге де құқық бұзушылықтар бойынша – 116 262 хаттама толтырылып, 2289 автокөлік айыптұраққа жеткізілді.

«Қорғау – қауіпті жүргізуші» бағдарламасының көмегімен жыл басынан бері 6 692-ден астам жол қозғалысы ережесін бұзған 1907 жүргізуші ұсталды.
Айта кететін жайт, жол қозғалысы кезінде ережені ескермейтін жүргізушілер үлкен қауіп төндіреді. Ойланбастан жасалған сәтсіз тәуекелдің соңы орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін. Осындай апаттың алдын алу барысында «Қорғау» қосымшасы тәртіп сақшыларының жұмысын жеделдетті. Яғни, автоматтандырылған жүйенің көмегімен қауіпті жүргізушіні тез арада анықтауға мүмкіндік туды.

Десек те, әр азамат жол ережесін мұқият сақтауы қажет. Жол қателіктерді кешірмейді!

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қай кезде де назары­мыз­дан тыс қалған емес. Бұл мәселе тек полиция қызметкерлеріне ғана емес, жалпы халық үшін де ма­ңызды екені даусыз. Жол ережелерін қатаң қадағалау, қауіптің алдын алу жұмыстарын жүргізгеніне қарамастан, соңғы бес жылда жыл сайын жол-көлік оқиғаларынан екі мыңнан астам адамның мерт болатыны анықталған. Сондай-ақ әр жыл сайын жиырма мың азамат түрлі дәрежедегі дене жарақатын алады. Осы бір жантүршігерлік статистиканы болдырмау үшін қоғам боп бірлесе жұмыс атқарғанымыз абзал», деді комитет төрағасы.

А.Арыстановтың мәлімдеуінше, жыл басталғалы бері елімізде 2 600-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. «Өкінішке қарай, жол апаттарының салдарынан 410 адам бақилық болды, 3 500 жолаушы түрлі дене жарақаттарын алды. Бірінші тоқсанның өзінде осындай жағдайлардың тіркелуі баршамызды ойландыруға тиіс», деді ІІМ өкілі соңғы деректер арқылы мәселенің мәнісіне үңіліп.

Баспасөз мәслихатында кел­ті­рілген дерекке зер салсақ, бүгінде елімізде 4 млн-нан астам көлік тіркелген екен. Көлік саны артқан сайын жол-көлік оқиғаларының саны да көбейе түскен. «Сондықтан көлік жүргізушілері жол ережелерін сақтауға баса назар аударғаны дұрыс», дейді спикер.

«Жаяу жүргінші жолағындағы ереже бұзуға қатысты 88 жол-көлік оқиғасы тіркелген, соның сал­дарынан 22 адам көз жұмып, 69 азамат жарақат алды. Жол-көлік оқиғаларының 72 пайызы елді мекендерде тіркелген», дейді А.Арыстанов.

Жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккен балалардың да саны аз емес. Комитет төрағасы келтірген деректерге қарағанда, жол-көлік оқиғалары салдарынан бүгінге дейін 30 бала қаза болып, 592-сі түрлі дәрежедегі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген.

«Жыл сайын 1500 адам өмір бойы жүргізуші куәлігінен айырылады, осы жылдың өзінде 290 адам жүргізуші куәлігімен қош айтыс­ты. 15 күн әкімшілік қамауға алу және 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру секілді қатаң жазалардың қолданылғанына қарамастан, мұндай бұзушылықтардың 7,5 пайызға өс­кені байқалады. Сонымен қатар көлікті мас күйінде басқарғаны үшін 5,7 мыңға жуық жүргізуші ұсталды», деді ІІМ өкілі жағдайды түсіндіріп.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика