Қазығұрт ауданының әкімі есеп берді

Өткен аптада Түркістан облысының Қазығұрт ауданының әкімі Т.Тұрғараев тұрғындар алдында 2019 жылы атқарған жұмыстарына есеп берді.  

Аудан әкімі өз есебін жыл қортыныдысымен жеткен жетістіктерінен бастап, «Енді сіздердің назарларыңызды 2019 жылы атқарған жұмыстар мен алдағы кезде іске асырылатын жұмыстарға аударғым келеді. Соңғы жылдары ауданымыздың әлеуметтік экономикалық және түрлі салалардағы жетістігі бойынша облыс көлемінде рейтингтік көрсеткіште жоғарғы орындардан көрінуде. 2019 жыл ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін табысты жыл болды деп айта  аламын. Атап айтар болсақ:  Ауданымыздың жалпы өңірлік өнім көлемі 2019 жылы 130 782,1 млн. теңгеге орындалып, 2018 жылмен салыстырғанда 121,6 пайызды құрады (23 261,3 млн. теңгеге артық). 2019 жылытартылған инвестиция көлемі 19 851,1 млн. теңгеге орындалып, 2018 жылмен салыстырғанда 105,7 пайызды құрады   (1072,2 млн. теңгеге артық).  2019 жылға аудан бюджетінің жалпы көлемі 22 709,1 млн. теңгеге бекітіліп, бюджетті нақтылау барысында 5 680,1 млн. теңгеге артып, жылдық жоспар 28 389,2 млн. теңгені құрады. 2019 жылы ішкі кірістер 1 746,7млн. теңгеге орындалып, 2018 жылмен салыстырғанда 108,0 пайызға(129,4 млн. теңге артық) артты» деп тоқталды.

Әкімнің сөзінше, барлық салада ілгерілеу бар. Жол мәселесіне арнайы тоқталып, «Мемлекет басшысы Жолдауда жолдардың құрылысы мен қайта жаңарту жұмыстары жүргізілетінін атап өтті.  2019 жылы республикалық бюджет есебінен «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында 9 көшеге (12,7 шқ) 400,9 млн. теңгеге орта жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2020 жылы 1 елді мекеннің ішкі жолдары 324,1 млн. теңгеге орта жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.  2019 жылы аудандық бюджет есебінен 21 көшеге (44,6 шқ) 2019-2020 жылдары өтпелі кезеңмен 713,7 млн. теңге қаржы қаралған.   2019 жылы – 439,5 млн теңгеге жұмыстар жүргізіліп, 2020 жылы – 250,0 млн теңге қаржыға жұмыстар жүргізілетін болады, оның ішінде 12 көше (24,6 шқ) пайдалануға берілді. Облыстық бюджет есебінен 23 көшеге (17 шқ) 385,1 млн.теңге қаржы бөлініп, орта жөндеу жұмыстары жүргізілді» деп тоқтала кетті. Алайда, бұл деректер ішінде біздің газет оқырмандары көтерген Шарапхана-Бірінші мамыр автожолының күйі жоқ екен.

Сондай-ақ, мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстары да жүргізіліпті. Туристік нысандарды жаңғырту мақсатында, Тұрбат ауыл округінде орналасқан «Ысмайыл ата» кесенесі аумағында орналасқан «Қошқар ата» кесенесін «Қазқайтажаңарту» РМҚ Түркістан филиалы арқылы 30,0 млн.теңгеге қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізген.

«Қызмет-Ақпарат»

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика