Астанада еркін күрестен Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстандық команда жеті медпльға ие болды.
Соңғы күні тұғырдың бірінші сатысына жерлесіміз Дархан Есенғали (74 келіге дейін) және Азамат Даулетбеков (86 келіге дейін) көтерілді.
Екінші орында Ризабек Айтмұхан (92 келіге дейін) және Юсуп Батырмурзаев (125 келіге дейін) болды.
Команда құрамында барлығы жеті медаль бар. Бұған дейін «алтынды» Санжар Досжанов (70 келіге дейін) және Болат Сакаев (79 келіге дейін), ал Рахат Қалжан (57 келіге дейін) үшінші орынға ие болған.
Қазақстан құрамасының балуандары Париж олимпиадасында осы жетістікті қайталай берсін!
Өмірдің өзегі-күрес . Күрес деген мән-мағынасы бар.Дәрежелі спортшыларды дайындауға мүмкіндік бай тәжірибе жинақтаған.Дәрежелі жарыста сәтті орындау көбіне жарыс жекпе жегінде әр түрлі техника – тактикалық әрекеттерге байланысты біріктірілген таныту шарты.Күресу мәнеріне ие әрекет кірістілігі мен әдіс тәсілді өзіндік үлгіде құра білетін күресшілер өзіңдік басымдылықтарын таныта және дәл сол уақытта қарсыласқа қажетті қақтығыстан жол тауып шығуына жағдай жасады.Күесшілердің техника тактикалық физикалық дайындықтары олардың алдың ала оқу және көбіне олардың оқу жоспарлары мен жұмыс бағдарламасы бойынша жаттықтырушының қолданылу әдісіне негізделеді. Еркін күрес техникасы дегеніміз жеңіске жетуге бағытталған белгілі бір әрекеттер жүйесі. Күрес тактикасында аса тиімді әр түрлі әрекеттер қарастырылып шықты. Оларды шабуылдау, қорғану, қарсы шабуылдау әрекеттері деп бөлуге болады. Осылардың ішінде палуанның техникалық шеберлігін арттыруға ең пайдалысы шабуылдау әрекеттері болып табылады. Күрес техникасына нашар палуандар әдетте, өзіне қолайсыз әрі тиімсіз амалдарды пайдаланады, Сөйтіп, көбінесе қарсыластарының бетін қайтаруға ғана күш салады. Ал мұндай амалдар шабуылдаушы жақтың күші басым болса ғана нәтиже береді. Техникасы жақсы палуандар көбінесе күші басым қарсыласын да жеңіп кетеді. Бұл үшін олар түрліше қимылдар жасап, қорғанып, қарсы шабуылға шығып, не күш жағынан, не уакыт жағынан ұтады. Күрес техникасын анықтау үшін күресушілердің барлық негізгі қимылдарын талдаудан өткізу қажет. Мұндай талдауды ең алдымен ол қимылдарды орындауға жұмсалатын механикалық күш тұрғысынан қарау керек. Ең карапайым қимылды орындағанның өзінде де адам денесінің бірқатар органдары өзара қимылға келіп, оны орталық нерв жүйесі реттеп тұратындығы белгілі. Сондықтан күрес техникасын талдап анықтағанда жеке бұлшық ет қызметі қарастырылмайды. Өйткені күресте оның қысу немесе тарту күші, тарту узақтығы, шапшаңдығы пайдаланылады.
Қызмет ақпарат
(2000 символ)
Leave a Reply