Шымкент Жүрек орталығында жылдан жылға жоғары технологиялық оталар саны артуда. 2022 жылы емдеу орталығында 555 науқастың жүрегіне ашық түрде ота жасалған. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салысытрғанда 100 адамға артық. Кардиология бағыты бойынша медициналық ұйымда ахуалдық орталық ашылды. Ахуалдық орталық кардиология саласындағы мамандандырылған қызметтердің жұмысына жедел мониторинг жүргізіп, емдеу жұмыстарын жақсартуға мүмкіндік берген. Бұл бағытта 44 амбулатория мен 3 ауруханада кардиологиялық кабинеттер ашылды. ЖҮРЕК ОРТАЛЫҒЫНДА 8 НАУҚАСТЫҢ ЖҮРЕГІНЕ LVAD ҚОНДЫРҒЫСЫ ОРНАТЫЛҒАН «Шымкент жүрек орталығы» бүгінде жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеудің инновациялық әдістерін енгізу, мамандар даярлау және оқыту орталығына айналды. Қазіргі таңда орталық созылмалы жүрек жетіспеушілігін емдеудің хирургиялық әдістерін меңгеріп, жүрекке түрлі инновациялық ота жасауда көш бастап тұр. Бүгінге дейін мұнда созылмалы жүрек аурына шалдыққан 8 науқасқа LVAC аппаратын орнату операциясы жасалған. Бұған дейін аталған ота түрі тек Астана қаласында жасалатын дейді мамандар. Айта кетейік, 2018 жылдан бастап елімізде созылмалы жүрек жетіспеушілігін емдеу бойынша Жол картасы бағдарламасы іске қосылды. Оның шеңберінде созылмалы жүрек ауруларын емдеу бойынша оңтүстік өңірінде 13 кабинет ашылған. Бұл кабинеттерде медбикелер жүрегіне ота жасалған науқастарға медициналық көмек көрсетеді. Мемлекеттік инфрақұрылымдарды оңтайландыру шеңберінде ауруханалық секторда тиімсіз пайдаланылып отырған ресурстарды босату мен қайта бөлуге басты назар аударылмақ, халықтың денсаулығын сақтау мақсатында ескірген стандарттар мен нормативтер қолданыстан алынады және электронды денсаулық құжаты бірыңғай біріктірілген платформаға орналастырылады. Бұл құжатта адам өмірінің соңына дейінгі денсаулығы туралы мәліметтер тіркеледі. Бұдан өзге, биылғы жылдың соңына дейін медициналық мекемелерді ақпараттық жүйемен – 50 пайызға дейін. Міне, «Денсаулық» бағдарламасында көрсетілген осындай шаралар легі Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Әрине, «Денсаулық» бағдарламасында аталған мақсатты индикаторларға қол жеткізу – мемлекеттің я болмаса емдеу мекемелерінің, дәрігерлердің ғана құзыретіндегі шаруа емес. Әрбір азамат өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, уақытылы дәрігерге көрінгенде ғана нәтиже болмақ. Ендеше, әркім денсаулықтың қадірін ерте бастан ұғынып, «ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздегені» жөн.
Қызмет ақпарат
(2000)
Leave a Reply