Сүйінші!  Балалар жеңісі!

Түркістан қаласында Шымкент қалалық білім басқармасының №1 өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының жас баскетболшылары «3 х 3» баскетбол ойынынан  Республикалық чемпионатқа қатысып, ІІІ — ші орынды жеңіп алып, «Қола» жүлдегерлері атанды. Баскетболшылардың бұл алғашқы жеңісі емес, себебі  балалар бірнеше жыл бойы «Баскетбол» спорт секциясына қатысады. Бұл чемпионатта балалар жеңіспен оралатындығына  сенімі мол болды.  Орталығымыздың жас баскетболшыларын  тәжірибелі жаттықтырушы, ҚР спорт шебері, ұлттық санаттағы судья, ҚР Жоғары лигасының бірнеше дүркін жүлдегері Д.Н. Серединский жаттықтырады.  Тәрбиеленушілер чемпионаттан өз шеберліктерін шыңдауға, қарқынды жаттығулар жасауға және жаңа биіктерге жетуге деген ниетпен оралды! Жас баскетболшыларды Республикалық чемпионата «Қола» жүлдегерлері атануымен шын жүректен құттықтаймыз! Тәрбиеленушілерге жеңіске деген ерік-жігері, батылдығы мен бірлігі үшін алғыс айтып, жаңа спорттық жеңістер  тілейміз! Бүгінде аталған бағытта нәтижелі жұмыс жүргізіліп жатқан аймақтардың бірі – Шымкент қаласы. Қала әкімінің орынбасары Мұқсұт Исаховтың айтуынша, мемлекеттік спорттық тапсырыстың аясында жұмыс істеу үшін 109 кәсіпкерден өтінім түскен. Талапқа сай келген 67 кәсіпкердің өтінімі мақұлданған. Олар 137 спорт кешенінде балаларды спорттың 16 түрі бойынша жаттықтырып жатыр. Тағы 12 өтінім қаралып жатса, талапқа сай келмеген 30 өтінім кері қайтарылған.

– Биыл 14 мың балаға бюджеттен 2 миллиард 323 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді. Ата-аналардан 15 281 өтініш түссе, соның 14 мыңымен келісім­шарт жасалған. Осы бағыт бойын­ша Шымкент республикада бірінші орын­да тұр. Бұл – бағдарламаның артық­шылығы ата-аналар баласын қай сек­цияға, қай спорт түріне беретінін өзі ше­шеді, – дейді қала әкімінің орынбасары.

Осындай жүйемен жұмысын бастаған спорт кешендерінің бірі – «Ануш». Бұл – мемлекеттік спорттық тапсырыстың аясында жан басына қаржыландыру жүйесі бойынша жұмыс істейтін Шымкенттегі ең үлкен спорт кешені. Қаратау ауданы «Нұрсәт» шағын ауданында орналасқан бұл кешенде спорттың 5 түрі, атап айтқанда, каратэ, таэквондо, дзюдо, бокс және еркін күрес бойынша 1 200 бала жаттығады.

– Қазір адамдар спортпен айналысу баланың денсаулығына да, тәрбиесіне де пайдалы екенін жақсы түсінеді. Күнделікті спортзалға келетін жеткіншектер түрлі жаман әдеттерден аулақ болып, ерік-жігері мен табандылығын шыңдайды. Болашақта мұндай балалар қиындыққа төзімді, тек қана алға ұмтылатын азамат болып өседі. Сол себепті ата-аналардың да, балалардың да ықыласы күшті. Бізде олардың алаңсыз әрі қауіпсіз жаттығуына барлық жағдай жасалған, – дейді «Ануш» ЖШС-нің директоры Ержан Бестереков.

Қызмет ақпарат

(2000)

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика