МЕКТЕП ПЕН ЖОО-НЫҢ ИНТЕГРАЦИЯСЫ — ЖАҢА БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУ ФАКТОРЫ

Білім — асыл қазына. Білім инемен құдық қазғандай. Адам өмірінің соңына дейін білім алады, ал кейде тіпті оның өзі аз болады. Адам қаншалықты білімді болса, соншалықты бай-қуатты болады. Адамның білімсіз өткен бір күні бос күні. Батыл бірді жықса, білімді мыңды жығады. Білім адам бойына біткен ең мықты қару. Адамзаттың жетер ең биік шыңы білімді толық меңгерген күні.
Білім сонау ғасырлардан адам баласына танылған. Күллі адамзат өмірін білімге арнайды. Себебі білім ұрпақтан ұрпаққа берілетін шежіре, тарих, өнеге, тәрбие! Жас ұрпақтың білімге деген қызығушылығы қашан да жоғары. Адамдар бір орында тұрған жоқ, жылдан жылға түрлі технологиялар, жаңа білім бағдарламалары ойлап табылып, білім сапасы артады. Білімді ұрпақ сау келешектің кепілі.  Білім үнемі кепілдегі байлық. Білімді адам — ең бай адам. Адам ешқашан толықтай білімге қанық бола алмайды. Байлық, мақсат, мансапқа жету жолында білімнің маңызы зор.  ХХІ-ғасыр — ақпарат пен технологияның заманы. Ендігі адамдардың білім алу деңгейі мүлде жаңа деңгейге көтерілді, сапасы артты. Ізденген адамға білім ақпарат алу көздері жетерлік. Тіпті технологияның арқасында адам тілді ешқайда шықпай бір орында жатып-ақ үйрене береді. Мұның бәрі білімнің шексіз құдіреті. Шымкент қаласы білім басқармасы Әдістемелік орталығы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетімен бірлесіп, «Мектеп пен ЖОО-ның интеграциясы — жаңа білім беру жүйесінің даму факторы» тақырыбында форум ұйымдастырды.

Форумның мақсаты — мектеп пен ЖОО арасында байланысты нығайту, оқыту жүйесінде білім алушылардың кәсіптік-бағдарлы білім мазмұнының сабақтастық моделін құру.

Форумға ЖОО ғалымдары, басқарма мамандары мен әдіскерлері, білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты.

Іс-шара пленарлық бөлімінде  мектеп пен ЖОО арасындағы өндірістік тәжірибе, магистранттардың ғылыми диссертациялық жұмыстары, пәнді оқытудағы оқу бағдарламаларындағы өзгерістер мен тақырыптық оқу бағдарламаларындағы мақсат-міндеттер мен әдістемелік әзірлемелер  дайындаудағы өзекті мәселелер туралы баяндамалар ұсынылды.

Форум тәжірибелі мұғалімдердің ұйымдастыруымен шебер сыныпқа және білім беру бағдарламаларын талқылау жұмыстарына ұласты.

 

Қызмет ақпарат

(1960)

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика