Футболдан әйелдер командалары арасындағы Қазақстан Республикасы Кубогының ойындары мәресіне жетті. 20-26 сәуір аралығында қалада өткен доп додасында “БИИК-Шымкент” клубының футболшы қыздары ел кубогы жолындағы жарыстарда 14 дүркін жеңімпаз атанды. Қазақстан
Айналмалы жүйе бойынша өткен жарысты қорытындылаған кездесуде жергілікті команда Ақмола облысының “Оқжетпес” клубының ойыншыларымен алаңға шығып, 3:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов дүбірлі додада қаламыздың абыройын асқақтатқан спортшыларды арнайы құттықтады. Бұл жеңіс барша шымкенттіктер үшін үлкен қуаныш! Бүгінде ұлттық құрамада 7 футболшы қызымыз өнер көрсетеді. Еліміздің әйелдер ұлттық құрама командасы ФИФА рейтингісі бойынша 161 команданың ішінде 76 орында тұр. Сондай-ақ, «БИИК- Шымкент» командасы 2012 жылдан бері еліміздің атынан УЕФА чемпиондар лигасында өнер көрсетіп, үздік нәтижелерге қол жеткізіп келеді. УЕФА «Чемпиондар лигасы» ойындарында Германияның «Франкфурт», «Бавария», Испанияның «Барселона», Италияның «Верона», Францияның «ПСЖ» клубтарымен тең дәрежеде өнер көрсетуі — команданың әлемдік футболдағы мәртебесін арттыра түсті. Дене шынықтыру жаттығуларының ұлттық түрлерінің өсуімен сақталуын және олардың жаңаша туылуына ұлттық жаңа түдегі мәдениетінің сақтаушысы ол халық болды. Мерекелерде денешынықтыру мәдениетінің ұлттық түрі айқын көрініп отырды. Біздің де Отанымыздың түкпір-түкпіріндегі ұлттық мерекелер тек ойын-сауық ретінде емес, ол әрине спорт жарыстары ретінде де мерекеленіп отырады. Әрбір халық өздерінің ұлттық мәдениетіне кеңестік спорт қазынасын ең жақсы жағынан ендірді. Спорттың саулық кепілі екені баршамызға белгілі. Десек те, көпшілігіміз спортпен айналысуды тұрақты түрде дағдыға айналдыра алмай жүргеніміз тағы жасырын емес. Оның түрлі себептері де жетерлік. Бұл тұрғыда, үлкендер жағын айтпағанның өзінде, жастардың алдынан да көптеген кедергілер көлденеңінен шығып жатады. Жастарды спортқа баулу – жарқын болашақ кепілі. Сондықтан бұл тұрғыдағы атқарылар жұмыстарды жандандыру аса маңызды. Әрі кезек күттірмейтін мәселе. Болашағымыз деп үміт артқан жастарымыздың дені ғаламтордың шырмауынан шыға алмай жатқаны да көңіл құлазытпай қоймайды.
Қызмет ақпарат
1978 символ
Leave a Reply