Бұл туралы Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқарма басшысы Мұратжан Шүкірханов мектеп бітіруші жастармен өткен кездесуде айтты.
Аталған басқармаға қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өткен жиынға қаладағы №65 Ыбырай Алтынсарин мектеп-гимназиясы мен №25 Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-гимназиясының бітіруші сынып оқушылары қатысты. Мамандық таңдай алдында тұрған жастарға коуч-тренерлер арнайы тақырыптық семинар-тренинг өтті.
Жалпы іс шараның мақсаты — жастарға кәсіби бағыт-бағдар беру, жас ұрпақты үлкендердің айтқан емес, өздері қалаған мамандықтың түрін меңгеруге бейімдеу, кәсіптік қызығушылығы мен бейімділігін анықтап, жол сілтеу, бойында бар қабілеттерін дамытуға үлес қосу болатын.
Педагог-психолог Марал Жұмагелдіқызы мамандық таңдауға қажет ақпараттар ғана беріп қойған жоқ, оқушылардың ойын тыңдап, іздену машықтарын қалыптастыруға қатысты білімге жетелейтін жолдарды нұсқады. Оқушылармен кері байланысқа шығып, ойларын тыңдады. Пікірлеріне құлақ асып,сұрақ-жауап арқылы білгендерін негіздей түсуге жағдай жасады.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ел жастарына арнаған кезекті бір сөзінде «Қазақстан – жас әрі жастардың мемлекеті! Жастарымыз – дамудың қозғаушы күші. Барлық мемлекеттік органдардың міндеті – жастардың өзін-өзі жақсы танытуына жағдай жасау және олардың оң бастамаларына қолдау көрсету» деген болатын. Осы мақсатта сіздерді болашақ өмірге дұрыс бағыттау, мамандық таңдауға сәтті қадам жасауларыңызды негізге ала отырып, «Болашаққа қадам» жобасын іске қостық. Бұл жобада – сіздерге кәсіби бағыт-бағдар беруге бағытталатын үлкен көмек болмақ, — деді Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Мұратжан Шүкірханұлы.
Семинар тренингтен шыққан оқушыларға қалада бар өнеркәсіп орындарының жұмыс процесімен жақын танысу мақсатында, Қазақстандағы кілем индустриясының басында тұрған, ұлы даланың кілемін әлемге танытуды мақсат еткен, отандық өнім шығарушы кәсіпорындардың бірегейі «Бал Текстиль» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің фабрикасына экскурсия ұйымдастырылды. Шымкент индустриялық аймағына келген оқушылар кәсіпорынның жұмыс ерекшеліктерімен танысты. Фабрика мамандары осы саладағы сұранысқа ие мамандықтар туралы жан-жақты ақпарат берді.
Қызмет ақпарат
(2000 символ)
Leave a Reply