«WorldSkills Shymkent-2023» өңірлік чемпионатының басталғанына үш күн болды.

Колледж студенттері арасында «WorldSkills» чемпионаты ұлттық, өңірлік  деңгейде 2015 жылдан бері тұрақты түрде өтіп келеді.

«WorldSkills» қозғалысының негізі 1946 жылы қаланған. 1947 жылы Испанияда алғаш рет кәсіптік-техникалық дайындық бойынша ұлттық байқау өтті. Ол жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеруге және II дүниежүзілік соғыс салдарынан білікті мамандарға деген қажеттілікті қамтуға, кәсіптік білімнің тиімді жүйеісін құруға мүмкіндік берді.

Бүгінде әлемдік чемпионатқа 82 мемлекет қатысады. Қатысушылардың жас ерекшеліктері – 18-22 жас.

Чемпионаттың ашылу салтанаты 2023 жылдың 17 сәуірде Шымкент қаласы білім басқармасы басшысы Ж.А.Тажиеваның төрағалығымен «Жастар ресурстық орталығында» өткізілді.

Шымкент қаласы білім басқармасының «WorldSkills Shymkent -2023» қалалық чемпионатын өткізу туралы бұйрығына сәйкес 2023 жылдың                  17-21 сәуір аралығында колледждерде 45 құзіреттілік бойынша чемпионат өтіп жатыр. Аталған өңірлік чемпионатқа 14 колледжден 204 студент, 200 ден астам сарапшылар қатысуда.

Сегізінші рет өткелі отырған чемпионат жұмысшы мамандықтардың мәртебесін арттыруды, өндіріс орындарын кәсіби құзіретті мамандармен қамтуды көздейді.

Өңірлік чемпионаттан жеңімпаз атанып, жүлделі орын алған студенттер маусым айында Республикалық чемпионатқа жолдама алады.

Шымкент қаласы білім басқармасының Әдістемелік орталығының директоры, ф.ғ.к, М.Медетбекова, техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің әдіскері А.Исаева әрбір колледжде өтіп жатқан чемпионатқа қатысып, іс-шара барысын бақылап, сайыскерлерге сәттілік тіледі!

«WorldSkills Shymkent -2023» қалалық чемпионатының жабылу салтанаты ағымдағы жылдың 21 сәуір күні «Жастар ресурстық орталығында» өткізіліп, қорытындыланатын болады.

Қызмет ақпарат

(1594)

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика