— Біз хайуандық қарым -қатынастан ада болғанымызбен адами қарым-қатынасқа әлі де талпынуымыз керек екені даусыз! Өнер пайда болғаннан бастап әрбір ойшыл суреткер адам, адами қарым қатынас туралы ойларымен бөлісіп келеді. Адами қарым- қатынастың биік дәрежесі туралы оқиғаны ұсынған спектакль — АНТИГОНА!
Кешелі-бүгін Шымкент қалалық жасөспірімдер және қуыршақ театрында Жан Ануйдің “Антигона” трагедиясының премьерасы жүріп жатыр . Режиссері Қуандық Қасымов. Адамдардың арасындағы махаббат — ана мен бала, достық көңіл, бауырмалдылық, ғашықтық деген сезімдерді қайта жаңғыртып, қоғамға қорек болар көп азық берді. Мейірімге шөліркеген жанға — жылы сөзде дәру! “Антигона сүю үшін келген!”- бірнеше рет айтылған сөзде үлкен тереңдік жатқан еді. Казір қоғамда жасөспірімдер арасындағы әлімжеттік, қатыгездік белең алып тұр. Біз ұрпақ алдындағы борышымызды қаншалықты орындап жатқанымыз беймәлім. Бір білерім жастайынан балаларды театрға, мәдени іс- шараға баулу арқылы мәдениетті, көркемниетті болашақ қалыптастыра аламыз деп ойлаймын. Басты рөлдегі Назгүл Ғабиттің жанарынан үлкен жауапкершілікті сезіндім. Тым қысқа уақытта үлкен дүние шығару жүректілік!
Халыққа театр ортақ, ондағы актерларда ортақ. Жұмат Шанин әртістерін жасөспірімдер және қуыршақ театрының сахнасынан көру соның дәлелі және екі театрдың ынтымақтастығының көрінісі.
Тағы бір ерекшелік бұл жолы сахна көрерменнің ортасында болды. Дауыстағы діріл, көзқарас, қимыл бәрі –бәрі шынайылыққа тұнып тұрғанына куә болдық. Тіпті театрдың залының тар екені де сезілмеді.
Жан Ануй “1943- 1944 жылдары Софокльдың трагедиясына сүйене отырып өзінің “Антигонасын” жазды. Жиырмасыншы ғасырдың, сол кездегі уақыттың тынысына, үндестігіне сүйеніп жазып шыққан. Шығарма қасіретке, зорлық- зомбылыққа қарсы шыққан Антигоның жан — дүниесіндегі, шырылдыған шыбын жаны өзінің туған бауырын елдің алдында дарға асып, оны көмгізбей, бүкіл халыққа қорқыныш үрей тудыру үшін, тәртіпті зорлық- зомбылықтар арқылы орнатуды көздеген нағашы ағасы Креонның ісіне қарсы шыққан үлкен тайталасы көрсетіледі. Бұл спектакльді әлемдік деңгейдегі қойылым деп айтуға болады. Алдағы уақытта шет елдерде қою жоспарда бар, осы спектакльді үйлестіріп, халыққа ұсынуға үлкен мүмкіндік туғызған театр ұжымына, театр директоры Samat Altay ға үлкен рақмет” — дейді қоюшы режиссер Қуандық Қасымов.
Қызмет ақпарат
(2000)
Leave a Reply